Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Адамның жасын ұлғайтып көрсететін FaceApp қосымшасының қауіпті екені хабарланды

АҚШ сенатының демократтар жетекшісі Чак Шумер  Федералды тергеу бюросының басшыларына және федералды сауда комиссиясына ресейлік FaceApp қосымшасының қауіпті екенін жеткізді. Бұл туралы ол өз Твиттер парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

фейсапп

«FaceApp адамның түрін өзгертіп, оны жас немесе кәрі  етіп көрсетеді. Онымен қоса жынысты да ауыстырады. Қосымшаны пайдалану үшін, адамдар жеке суреттері мен өздері жайлы толық ақпарат беруі керек», – дейді демократ.

Сенатордың айтуынша, қосымшада пайдаланылған суреттер пайдаланушының рұқсатынсыз алынуы мүмкін. Сонықтан бұл елдің ұлттық қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін.

Шумер суреттің және өзің туралы мәліметтің басқа адамның қолында жүруі қаншалықты қауіпті емес, осыған көз жеткізу керектігін айтады. 

FaceApp – 2017 жылы жасалған ресейлік қосымша. Ол пайдаланушы қалағанындай, оның түр-әлпетін өзгертіп береді.

Талқылау