Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ қазақстандық полицейлерге 17 көлік сыйлады

3 шілде күні ІІМ-де ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаевтың Америка Құрама Штатының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Уильям Мозермен кездесуі өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

АҚШ қазақстандық полицейлерге 17 көлік сыйлады

АҚШ елшілігінің қорғаныс министрлігінің есірткіге қарсы күрес бағдарламасы аясында ІІМ есірткіге қарсы іс-қимыл арнайы бөліністері мен оқу орындарына арналған техникалық құралдар мен автокөліктерді ресми тапсыру рәсімі аталған кездесуге себеп болды.   

АҚШ елшілігі атынан Әскери Атташе, Әскери-әуе Атташесі, қауіпсіздік саласындағы әскери ынтымақтастық бөлімі бастығының орынбасары және басқа да ресми тұлғалар кездесуге қатысты.  

Америка тарапынан Қазақстан полициясына 17 автомобиль және 68 тасымалданатын радиостанция табыс етілді. Олар кейіннен аумақтық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністеріне және ведомстволық оқу орындарына жолданатын болады.  

АҚШ қазақстандық полицейлерге 17 көлік сыйлады

Ішкі істер министрінің орынбасары Қожаев америкалық қонақтарды келе жатқан ұлттық мейрамы АҚШ-тың тәуелсіздік күнімен құттықтады. АҚШ елшілігінің полиция қызметтерін материалдық-техникалық жабдықтауға, ішкі істер органдарының қызметкерлерін оқытуға қосқан үлесін атап өтіп, алдағы уақытта табысты ынтымақтастықтың жалғасатынына сенім білдірді.       

Талқылау