АҚШ ДАИШ лаңкестік тобының жетекшісін ұстау кезіндегі фото мен видеоны жариялады
Пентагон ДАИШ лаңкестік тобының (Қазақстанда тыйым салынған) жетекшісі Абу Бакр аль-Бағдадиді жою бойынша операцияның фотосы мен бейнесін жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қысқа бейнеде АҚШ-тың айтуынша террорист болған ғимарат көрсетілген. Кадрлар ғимараттың екі жағынан адамдармен қоршалғанын көрсетеді.
«Бұл жерде біз әл-Бағдади жасырынған бір нысанды көріп отырмыз. Жоғарыда атап өткенімдей, бұл оқшауланған нысан Сирияның солтүстік-батысындағы Идлиб провинциясында болған», - деді АҚШ Орталық қолбасшылығының қолбасшысы, генерал Кеннет Маккензи журналистерге.
Генералдың айтуынша, бейнеде «содырлар әуе шабуылын жүргізетін америкалық күштерге қалай оқ жаудырғаны» көрсетілген. Маккензи ДНҚ-ны абсолютті дәлдікпен талдау әл-Бағдадидің жойылу фактісін растады деп қосты.
Оның айтуынша, бұл ДАИШ көшбасшысының қалдықтары емес болу ықтималдығы 104 септиллионның 1-ге тең (саны 24 нөлге тең).
Пентагонның өкілі әл-Бағдади өзін және екі баланы жарып жібергенін айтты. Балалар 12 жасқа толмаған. Аль-Бағдадидің денесі теңізге жерленді, деп растады Макензи.