Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ әскерилері беймәлім ұшатын нысан түсіп қалған видеоның шын екенін растады (видео)

АҚШ-тың әскери-теңіз флотының өкілдері 2015 жылы ұшқыштардың бірі түсірген беймәлім ұшатын нысанның видеожазбасы шын екенін алғаш рет растады. Сонымен қатар ол Пентагондағылардың видеоға түсіп қалған құбылыстың табиғатын әлі күнге дейін анықтай алмай жатқанын айтты.

АҚШ әскерилері беймәлім ұшатын нысан түсіп қалған видеоның шын екенін растады (видео)

Бұл туралы әлемдік БАҚ-тар The Black Vaul сайтына сілтеме жасап хабарлауда, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл орайда To The Stars Academy of Arts & Science зерттеушілері мен New York Times газеті GO FAST құпия атауымен жариялаған видеожазба туралы сөз болып отыр. Одан бөлек, 2017 жылы Пентагон анықтаған деп хабарланған тағы екі ұқсас видео бар. 

«Әскери-теңіз флоты бұл видеожазбалардағы нысандарды беймәлім әуе құбылыстары ретінде сипаттайды», - дейді флоттың барлау бөлімі басшысының баспасөз хатшысы Джозеф Грэдишер.

«Біз «беймәлім әуе құбылыстары» терминін пайдаланамыз. Себебі бұл көз байланысының; авторизацияланбаған бақылаулардың; беймәлім ұшу құрылғыларының;  кіру кезінде, әскердің бақылауындағы түрлі әскери полигондардың әуе кеңістігіндегі жұмысы кезінде тіркелген нысандардың базалық сипаттамасы»,- дейді Грэдишер.

ӘТФ өкілінің сөзі жарияланған кадрларда ұшатын тәрелке, жерге тиесілі емес басқа да әуе кемесі суреттелген дегенді немесе АҚШ әскери-теңіз флоты нысанды осындай деп санайтынын аңғартпайды. 

Бұл тек АҚШ әскери-теңіз флотының видеоға түсіп қалған әуе құбылысын анықтай алмағанын және оның беймәлім санатына енгенін білдіреді.

Талқылау