AAPL
148.56 $
1.2 %
TSLA
643.38 $
-0.91 %
NDAQ
187.76 $
1.31 %
GOOGL
2660.3 $
3.58 %
FB
369.79 $
5.3 %
FRHC
65.1 $
0.73 %
AAPL
148.56 $
1.2 %
TSLA
643.38 $
-0.91 %
NDAQ
187.76 $
1.31 %
GOOGL
2660.3 $
3.58 %
FB
369.79 $
5.3 %
FRHC
65.1 $
0.73 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмолалық жастар еңбек ері Иван Сауэрмен кездесті

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, сондай-ақ елорда күні қарсаңында Целиноград ауданының Родина ауылында "Агрофирма "Родина" ЖШС директоры, "Қазақстанның Еңбек Ері" атағының иегері Иван Сауэрмен аудан жастарының кездесуі өтті, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

экскурсия

Целиноград ауданының Родина ауылы және Иван Сауэр басқаратын "Родина "Агрофирмасы" ЖШС туралы бүкіл республика біледі.

Ауылда өмір сүру үшін барлық қолайлы жағдайлар жасалған. Жабық хоккей корты, спорт және ойын кешендері бар мәдениет және демалыс саябағы, кітапхана, сұлулық салоны, православие шіркеуі және басқа да инфрақұрылым салынды. Кәсіпорын қаражаты есебінен барлық әлеуметтік объектілер күтіп-ұсталады және жөнделеді.

Кездесу барысында Иван Сауэр кәсіпорын бойынша экскурсия өткізіп, балаларға өзінің өмірлік және кәсіби жолы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен танысуы туралы айтып, кеңестерімен бөлісті және нұсқаулар берді.

"Әрине, менің еңбек жолымның басында оңай болған жоқ. Бірақ уақыт өте келе тілек пен табандылықтың арқасында бәрі жақсы болды. Табысқа жету үшін адал және тынымсыз жұмыс істеу керек, сонда сіз міндетті түрде жетістікке жетесіз", – деді танымал меценат қатысушыларға.

Айта кетейік, Родина ауылдық округінде бүгінде екі мыңға жуық адам тұрады, олардың жеті жүзі "Родина "Агрофирмасы" ЖШС-де еңбек етеді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр