Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы семинар ұйымдастырды

Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы 2019 жылғы 27 қараша күні «Ономастика: зерттеу және тәжірибе» атты облыстық практикалық семинар ұйымдастырды.

Семинар мақсаты – Ақмола облысына қарасты жер-сулар мен елді-мекендердің тарихи атауларын анықтау

Семинар мақсаты – Ақмола облысына қарасты жер-сулар мен елді-мекендердің тарихи атауларын анықтау. Ғалымдардың осы тақырыптағы зерттеулерін көпшілікке насихаттау. Өңірімізде ономастика мәселесімен айналысатын мамандарға әдістемелік көмек көрсету.

Аталған кеңеске облыстық ономастика комиссиясының мүшелері, Көкшетау қаласының ономастика жұмысы бойынша тобы, аудандық және қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары мен мамандары, облыстық және қалалық архивтердің, Көкшетау қаласындағы музейлердің қызметкерлері, тарих пәнінің мұғалімдері және зиялы қауым қатысты. 

Семинарды Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры,  облыстық ономастика комиссиясының мүшесі Шақшақов Қуаныш Ғибадатұлы жүргізді.]

Семинар мақсаты – Ақмола облысына қарасты жер-сулар мен елді-мекендердің тарихи атауларын анықтау

Аталған жиында ономастика саласы бағытында ғылыми зерттеулермен айналысып жүрген ғалымдардың баяндамалары тыңдалды. Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің тарих факультеті археология және этнология кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Жамбыл Омарұлы Артықбаев «Ақмола облысының тарихи топонимдері: зерттелу барысы, қасиеттілік синонимі», Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті тарих, заңтану, өнер және спорт факультетінің деканы, тарих ғылымдарының кандидаты, ҚР тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі Бексейітова Ақбота Тастанбекқызы «Ақмола облысының тарихи топонимикасының кейбір мәселелері»  тақырыбында, Ақмола облыстық «Арқа ажары» газетінің редакторы, облыстық ономастика комиссиясының мүшесі Төреғожа Қайырбай Зейноллаұлы «Ономастика: міндет пен нәтиже», Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті жалпы тарих және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасының аға оқытушысы Төлепбергенов Ғалымтай Мәлікұлы «Ақмола облысының ежелгі жер-су атаулары», Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі «Халық қазынасы» ғылыми зерттеу институтының тарихи-мәдени мұра нысандарына мониторинг және сараптама жүргізу бөлімінің ғылыми қызметкері Ирина Бекзатқызы  «Елді-мекендердің тарихи атауларын қайтарайық!» атты баяндамасын көпшілік назарына ұсынды.

Шараны ұйымдастырушылар семинарда мазмұнды да мағыналы баяндама жасаған ғалымдарға зор алғысын білдіреді.                  

                        

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Әр нәрестенің өз несібесі бар": Динара Сұлтан алтыншы сәбиін дүниеге әкелмек

Әнші: Иман - дүниеге келгенде, өміріміздегі шешілмей жүрген маңызды проблемалар шешілді

Оралда қызды қағып кеткен полиция қызметкерін бейнеге түсірген блогерге ескерту жасалды

Айболат Бөкенов полицейлердің айыптауымен келіспейтінін айтты

Ділназ Ахмадиева: Бұл сәбиді мен ғана емес, бүкіл Қазақстан күткен сияқты

Әнші сәбиінің жынысын анықтай алмай жүргенін айтты

Ақтөбеде анасымен бірге оңалту орталығына барған мүгедек оқушы үйіне жүкті болып қайтты

Қала мектептерінде үш оқушы қыз жүкті болып қалған

Диета мен жаттығуға бас қатырмасаңыз болады: Ғалымдар арықтаудың ең оңай жолын тапты

Эксперимент жүргізуге 12 апта жұмсалды

Көпбалалы отбасыға 20 мың беремін деген Гүлнәз Жоланова уәдесін ұмытып кеткен

Мұхит Сапарбаев артынша қуып жүріп 10 мың теңге алғанын айтты

"Сен ешкімге керек емессің!": Күйеуі 15 жасында тұрмысқа шыққан әйелінің мұрны мен қабырғасын сындырып жіберген

Қазір "Олимптің" басқа да экономикалық қылмысқа қатыстылығы тексеріліп жатыр

Жұмыссыз қалған қазақстандық әйелін ұрып, ішіндегі баласын түсіріп тастады

Күйеуі ауруханаға түскен әйелін бір де бір рет іздеп келмеген

Баландин АҚШ-тағы олимпиададан алтын алды

Ал екінші және үшінші орын АҚШ спортшыларына бұйырды

Бауыржан Есебаев: Маған әнім үшін төсек қатынасын ұсынған қыздар көп болды

Алайда сазгер бұл ұсыныстардың бәрінен бас тартқанын айтады
Çàãðóçêà...