Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысындағы шенеуніктер мемлекеттік ақшаны қалталарына басқан

Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы мен орынбасары бюджет қаражатын ұрлағаны үшін сотталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коррупция

Бұл туралы Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитетінің баспасөз-қызметі мәлімдеді.  

"Ақмола облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Ақмола облысы бойынша ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ-нің басшысы А.К.Сағынбаев пен оның орынбасары Г.А.Әбдірахмановаға қатысты бюджет қаражатын ысырап ету арқылы ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады", - делінген ресми хабарламада. 

2020 жылдың қаңтарында Көкшетау қалалық сотының үкімімен А.К.Сағынбаев пен Г.А.Әбдірахманова бюджет қаражатын ұрлады деп айыпталып, әрқайсысына 2 147 450 теңге сомасында айыппұл салынды және және мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан айырды.

Талқылау