Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысындағы ескі шахтада жасырын туннель анықталды 

Степногорск қаласына қарасты Ақсу кентіндегі ескі шахтаға түсетін жасырын жер асты туннелі табылды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Фото: Ақмола облыстық ПД

Ақмола облыстық ПД мәліметінше, Степногорск қалалық ПБ қызметкерлері Ақсу кентінің аумағында жедел-алдын алу іс–шараларын жүргізу барысында ескі шахтаға заңсыз кіруге арналған жасырын туннельді анықтады.

"Туннельдің диаметрі 1,5 және тереңдігі 8-10 метр, осы арқылы жұмыс істемейтін шахтаның төменгі қабатына түсуге болады. Полиция қызметкерлі мен "Алтыналмас АК" АҚ қызметкерлері бірігіп туннельдің жолын тапты", – деді ведомство өкілдері. 

Бақытнұр Шерикбай
Дүйсенбі, 06 Ақпан, 2023 13:26