Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында жасөспірімдер әйелді зорламақ болған ер адамнан құтқарып қалды

Ақмола облысындағы Ақкөлде үш жасөспірім әйелді зорламақ болған ер адамнан құтқарып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

зорлау

Аймақ полициясының мәліметінше, оқиға 9 наурыз күні кешке болған.

"Күдікті әйелге жұмыстан үйге келе жатқанда шабуыл жасаған. Оны жерге құлатқан. Өтіп бара жатқан жасөспірімдер көмектесуге ұмтылған. Осыдан кейін шабуылдаушы жәбірленушіні босатқан", - деп атап өтті полицияда.

Балалар 102 желісіне қоңырау шалған.

"Полиция қызметкерлері дереу оқиға орнына шығып, күдіктіні ұстаған, куәгерлер мен жәбірленуші оны таныған. Ол бұрын сотталған 56 жастағы Ақкөл тұрғыны болып шықты. Аталған факті бойынша  "Зорлау әрекеті" бабы бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды. Күдіктіге қатысты "Күзетпен ұстау" түріндегі процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды", - деп толықтырды департаментте.

Қазіргі уақытта жасөспірімдерді батылдығы мен ерлігі үшін марапаттау мәселесі қарастырылуда.

Талқылау