Ақмола облысында жеңіл көлік пойызбен соқтығысып, үш адам қайтыс болды
Ақмола облысында жеңіл көлік пойызбен соғысып, үш адам қайтыс болды. Зардап шеккендер бар деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Полиция таратқан ақпаратқа сүйенсек, 20 ақпанда 46 жастағы Новокубанка ауылының тұрғыны басқарған Jiefang автокөлігі мен Бурабай-Астана жүк пойызы соқтығысқан.
"Салдарынан оқиға орнында жүргізуші мен минивэннің екі жолаушысы көз жұмды: 1975 жылы туған әйел және 1985 жылы туған ер адам. Екеуі де Астана қаласының тұрғындары. Тағы үш жолаушы аудандық орталық ауруханаға жатқызылды", – деп қосты полиция.
- Астанада велосипед мінген баланың үстінен көлік басып өткен: Қапыда ұлдарынан айырылған ата-ана істің созылып жатқанына наразы
- "Бір адам көз жұмды": Алматы облысында сегіз көлік соқтығысып, жантүршігерлік жол апаты орын алды
Алдын ала анықталғандай, минивэн жүргізушісі шлагбаумды айналып өтіп, бағдаршамның тыйым салатын сигналына теміржол жолымен жүріп өткен.
ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Талқылау
"Үш сағат істейтінді бізде он минутта бітіреді": Германиядағы қазақ дәрігері сүндеттеу ісінде Қазақстан қалай алға кеткенін айтып берді
Отандасымыз жат жерде жүрсе де қазақ елінің дәстүрі мен құндылықтарын күнделікті өмірде сақтауға тырысып жүргенін жеткізді
“Сыйлықтар сыйлап, кемінде бір пәтер алғызатын адам”: Неліктен қазақстандық бойжеткендер тоқал болуға келіседі
Психолог: "Оны көбіне "махаббат" деп түсіндіріп ақталып жатады”