Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында бір ғана ауданда он екі мұғалім жалған диплом жасатып, бала оқытып келген

Ақмола облысында бір ғана ауданның он екі мұғалімі бірдей істі болып жатыр. Олар жалған диплом жасатып, осы уақытқа дейін бала оқытып келген екен. Таяуда ауыл мектептеріне жүргізілген тексеру жұмыстары кезінде бүркелулі болып келген біраз жайттың беті ашылды. Жалақыларына үстемақы қосу үшін мұғалімдер амалсыздан осындай іске барғандарын айтып ақталды.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "31" арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Полицияның мәліметінше, "ұстазбыз" дегендер екі жылдан бері математика, қазақ тілі пәндерінен сабақ беріп келген екен.

Соңғы рет жалған диплом жасатып алған 31 жастағы ауыл тұрғыны ұсталыпты. Ол білім бөліміне , жалпы білім беретін мектепке жоғары оқу орнын бітіргені жайлы жасанды диплом әкелген.

Қазір азамат өзінің кінәсын мойындады, ол дипломды сатып алуға қомақты қаржы жұмсағанын да айтып берді. 

"Бұған дейін аталған 10 дерек бойынша сот істі қарады. Қалған екі дерек бойынша тергеу амалдары әлі жалғасуда. Күдіктілерге қатысты 160 АЕК бойынша айыппұл салынады немесе 40 тәулікке қамауға алу қарастырылған", - деді Ақмола облысының полиция департаменті баспасөз бөлімінің бастығы Гүлнар Пинчук.

Талқылау