Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көршісі ұсталды: Шымкент әкімі 3 жасар қыздың қалай қаза тапқанын айтып берді

21 шілдеде Шымкентте әкесін іздеп сыртқа шыққан үш жасар қыз аулада талып қалып, қайтыс болды.Қайғылы жағдаймен қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Instagram желісіндегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Шымкент әкімінің жазбасында Кәусар есімді кішкентай қыздың көшеде қалай есінен талып қалғаны жазылған. Үш жасар бала әкесінің қасына барғысы келіп, көршісімен бірге қоршаудан секіріп өтпекші болады. Кәусарды жетектеген көршісі оны қолынан түсіріп алғанда, қыз есінен танып қалады. Мұны көрген азамат көмекке шақырудың орнына Кәусарды тастап, қорқып, қашып кеткен екен. 

"Қылмыс жасаған азаматқа қатысты іс қозғалып, қамауға алынған. Ол сөзсіз жауапқа тартылады. Іс-сапардан келісімен оқиға орнына барып, мән-жайдың барлығын анықтадым. Кәусарға қатысты ешқандай зорлық жасалмаған. Кәусардың ата-анасына көңіл айттым, сындарлы сағатта бекем болуға шақырдым. Кәусардың жатқан жері жарық болып, Алла алдынан жарылқасын! Әр бала біз үшін қымбат", — деп жазды Әбдірахымов. 

Сонымен қатар, әкім сәби үшін үлкендердің әрқайсысы жауапты екенін айтып, балаларды сағат сайын бақылап, қадағалап жүруге шақырды. Ол әкімшілік және қала полициясы тиісті жұмыстарды күшейтетінін,  бүгін, яғни 24 шілдеде осы мәселе бойынша арнайы жиналыс өткізіп, тапсырма беретінін ескерді.


Алматыда бүлдіршін конфеттің кесірінен көз жұма жаздады >>>
Талқылау