Әкім орынбасары оңтүстіктен солтүстікке көшіп барғандарды жатыпішерлер деп атады

Солтүстікке қоныс аударған қазақтардың бүгінгі тұрмысына көңілдері толмайды. Айтуларынша, кезінде бар жағдайды жасаймыз деп халықты шақырған шенеуніктер сөздерін ұмыт қалдырған. Жақсы өмірді аңсап, туған ауылдарын тастап келген тұрғындар бүгінде баспана мен жұмысқа зар болып сандалып жүргендерін айтады. Туған ауылдарына оралайын десе, қаражаттары жоқ. Ал кезінде уәдені үйіп төккен басшылар оларды жалқау әрі жатыпішерге теңеп отыр. Бұл туралы Stan.kz КТК арнасына сілтеп хабарлайды.

Әкім орынбасары оңтүстіктен солтүстікке көшіп барғандарды жатыпішерлер деп атады

Қоныс аударған 27 адам облыс орталығынан 70 шақырым жерде орналасқан Токаревка ауылында тұрады. Мұнда мектеп те жоқ. Мектепке баратын оқушылар аудан орталығындағы интернатта жатып оқуға мәжбүр. Ал 2 үйге сыйысып отырған үш отбасы оған да қуанышты. Себебі аядай ғана үйге өздері де сыймай отырған көрінеді.

“3 отбасы тұрамыз бір үйде. 10 адамбыз. Сағындықов деген азаматтың үйі. Жеке фирмасы бар. Ал біз жұмыстан шығатын болсақ, бұл үйден шығарып жібереді. Біздің атымызға үй берген жоқ. Мен айтып-айтып шаршадым. Қойдым сосын”, – дейді ауыл тұрғыны Тілек Төлепов.

Бұл кісінің отбасы картоп өсірумен айналысқан. Алайда одан аса пайда түспеген. Сауыншылықпен айналысқан жұбайы жаз кезінде айына 60 мың теңгеге дейін тапқан. Қазір ол сомма 12 есеге кеміген, яғни қолына алатыны 5 мың теңге ғана. Көшкен кезде тұрмысымыз оңалар деп ойлаған. Ал бүгінде уәдені үйіп төккен Солтүстік Қазақстан өңірінің басшыларына өкпелері қара қазандай.

“Өзіміз күтіп аламыз, жағдай жасаймыз деген. Ол айтылып жатқан сөздің бірі де іс жүзінде іске аспады”, – дейді Токаревка ауылының тұрғыны Әзіз Көшербаев.

“Біз олардың барлық жағдайын жасауға тырысамыз. Мемлекеттің тиісті субсидиясы толық берілді. Олар әбден дайынға үйреніп алған. Жатып ішер деуге болады. Шынымды айтсам,өздері жәй жүрмей шу шығарып жүреді”, – дейді Мамлют ауданы әкімінің орынбасары Алмагүл Рамазанова.

Жауапты мамандар солтүстік аймаққа негізінен дәрігер, мұғалім, механизатор сынды мамандарды шақырады екен. Қоныс аударғандардың көпшілігінің жоғары білімі, дипломы жоқ. Араларында несиесі барлар жетерлік. Сол себепті әр адамға 85 мың теңгеден берілген субсидияны бірден жұмсап қояды екен.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр