Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Ақылға сыятын нәрсе емес": Бекболат Тілеухан Божконың атышулы сөзі туралы

Бірер күн бұрын мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божко Қазақстандағы әлеуметтік көмекке қатысты ойын айтып, «халық мемлекет алдында тізерлеп тұрып алғыс айтуы керек» деген еді. Вице-спикердің бұл сөзіне қатысты мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан пікір білдірді.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап хабарлайды. 

Бүгін елордада өткен президент жанындағы қоғамдық сенім ұлттық кеңесінің отырысынан кейін Бекболат Тілеухан мәжілістің вице-спикерінің сөзіне қатысты өз пікірін білдірді. Қысқа ғана жауап қайырған депутат Божконың сөзі ақылға сыймайтынын айтты.

«Халықты тізерлету деген адамның ақылына сыятын нәрсе емес», - дейді Бекболат Тілеухан. 

Еске сала кетсек, бұған дейін Владимир Божко қазақстандықтар мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдаудың күрт артқаны үшін мемлекетке ризашылық білдіруі керектігін айтқан еді. Оның «халық мемлекет алдында тізерлеп тұрып алғыс айтуы керек» деген сөзі көпшіліктің ашуына тиіп, сынға ұшырады. Божконың сөзінен соң Нұртас Адамбай сын айтты. Продюсер Алуа Қонарова да "қорада адамдар емес, малдар жатады" деп сөкті. 

Алайда ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәжілістің вице-спикерін жақтап сөйледі.

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қоқыс үйіндісінен табылған 12 жасар қыз босанды

Дәрігерлер оны табиғи жолмен босандырып алған

ІІМ Шамалғандағы ауыр апат туралы: Автобус бағдаршамның қызыл белгісіне өтіп кеткен

Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды

«Мен ешнәрсе істей алмаймын»: Пойыз қаққан автобус жүргізушісінің соңғы сөзі (видео)

Автобус жолаушысы қайғылы жағдайдың алдында не болғанын айтып берді

"Бізді ажал айырғанша": Ксения Собчак пен күйеуі той кортежі үшін тұтқындалды

Көптен күткен үйлену тойы өтті

"Жүргізушінің қозғалатын жері де болмады": Куәгер Шамалғандағы жол апаты туралы

Куәгердің сөзінше, жантүршігерлік апат қас-қағым сәтте орын алған

Алматының ең қарт тұрғыны 106 жасқа толды

Кейуана Алматымен бірге өскенін, шаһардағы өзгерістердің бәрі көз алдында екенін айтады

Премьер-министрге сауал жолдаған: Шамалған тұрғындары бір жыл бұрын пойыздар мәселесіне шағымданған

Тұрғындардың көтерген мәселесіне депутаттар да араласып, көпір салынуын сұраған

"Сахнада жылап жіберді": Батыр Байназаров Ringo тобынан кетті

Ол топқа бірінші болып келген еді

"Головкин жекпе-жекке лайық": Альварестің промоутері үшінші жекпе-жектің уақытын атады

Промоутер: Адамдардың бұл жекпе-жекті тамашалағысы келетіні сөзсіз

"Бетің былқ етпей": Дәурен Айдарқұлов пен Айқын Төлепберген өзінің кәсіби өтірікші екенін айтты

Ақбота мен Дәурен сахнада келіспей қалды
Çàãðóçêà...