Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Ақылды болуға тырысып бағып жүрмін": Нұрболат Абдуллин мінезі туралы айтты

Нұрболат Абдуллин эмоциясы туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесі желідегі парақшасында ішкі сезімі туралы ойымен бөлісіп, жазба қалдырған. Нұрболат Абдуллин эмоцияға берілуді дұрыс емес деп есептейді. Сабырға жүгінуді жөн санайтынын жасырмады ол. Билік пен саясатқа да ешқандай жақындығы жоқ екенін түсіндірді.

"Ой ұшан-теңіз. Ақыл айтпаймын, ақылды болуға тырысып бағып жүрмін. Кейде эмоцияға берілу әбестік, әбігерлік екенін ұғынып жүрмін. Мен биліктің адамы, саясаттың саңлағы емеспін. Қаным қазақ болғасын xалқым дейтінім рас. Садақ тарт, атқа мін демеймін, сабыр тілеймін!" - деп жазды өнер иесі.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр