Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Әкем палауды өзі дайындайды": Желіде Өзбекстан президентінің ас әзірлеп тұрған суреті пайда болды

Желіде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің қазанның жанында ас әзірлеп тұрған суреті пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Фотосуретті Өзбекстан басшысының қызы Саида Мирзиеева Facebook желісіндегі парақшасында жариялады. Айтуынша, кейде әкесі отбасы үшін асты өзі дайындайды. 

«Кейде әкем біздің отбасылық дастархан үшін палауды өзі әзірлейді. Ал біз оған көмектесеміз. Арафа күнімен құттықтаймын!» - деп жазған Мирзиеева.

Шавкат Мирзиеевтің екі қызы, бір ұлы, сонымен қатар 5 немересі бар.

Саида Мирзиеева – Өзбекстан президентінің үлкен қызы. Ол биылғы жылдың сәуір айында Өзбекстан президентінің әкімшілігінің жанындағы Ақпарат және бұқаралық коммуникация агенттігінің басшысының орынбасары қызметіне келген.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр