Ақбота Керімбекова: Билікке барсам, мені екі күннен кейін өлтіріп кететін шығар

Өткір мінезді әнші Ақбота Керімбекова қолына билік түссе төңкеріс жасайтынына сенімді. Әсіресе, шоу-бизнестегі нағыз және жалған әншілерді саралар едім, дейді Керімбекова. 

Ақбота Керімбекова

Бұл туралы Stan.kz Hit-TV арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Ақбота Керімбекованың бүгінгі эстрадаға көңілі толмайды. Әнші киелі сахнаның ластанып кеткеніне күйінеді. Бұл ретте Ақбота қолында билік болса, не істейтінін айтты. 

"Билікке барсам, 1-2 күннен кейін мені өлтіріп кететін шығар. Өйткені шындықты жақсы көретін адаммын. Шындықпен жүретін адаммын. Сол үшін шығар, өмірімде небір сынақтар болып жатқаны. Біреу дұрыс түсінеді, біреу бұрыс түсінеді. Қалай бар, солай өмір сүретін адаммын. Билікке бару менің мақсатымда болған емес. Бірақ шақырып жатса, тазалар едім", - дейді Керімбекова. 

Өнерге әрдайым тазалықпен қарайтын Ақбота қолына тізгін түссе, Авгейдің атқорасынан бастайтынын аңғартты. 
"Кезінде мен 20-30 шақты әншінің басын қосып, осыны қолған алғанбыз. Бізде қазақта бір кемшілік - бірігушілік жоқ. 

Екінің бірі әнші, екінінің бірі сахнада. Еріккеннің бәрі әнші болып кетті. Не айтып жатырмын деген түйсік жоқ. Әйтеуір сахнада жылтыңдап жүргендер өте көп. Айтсаң, біреу көре алмайды деп ойлайды. Өздері не айтатындарын білмегендіктен, жастарды көре алмайды дейді. Қазақтың өнері бұзылмаса, жастар әрі қарай дамытса деген ниетім. Мен үшін қазіргі сахнада тоқырау болып жатыр. Бұйырса ол да бір орнына келеді деген ойдамын", - деп сенім білдірді әнші. 

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Çàãðóçêà...
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

40 мың доллар қажет: Алматы облысында әйел ұлына көмектесуді сұрады

Дәл қазір жеткіншек Беларусь елінде емделіп жатыр

Ресейде полицейлер 22 жастағы қызды көлікте зорлап тастады: Жәбірленуші Қазақстан азаматы

Оқиға 18 тамыз күні түнде болған

Белсенді Ғалы Бақтыбаевтың өлімі: күдікті ретінде полицей ұсталды

Ұсталғандар кісі өлімі жеке келіспеушілік салдарынан болғанын мойындап, түсініктеме берді

Семейде қоғамдық екі әжетхана құны 18 млн теңгеге бағаланды

Оларды қолдану ақылы болады, алайда бағасы әзірге белгісіз

"Не жүре алмай, не сөйлей алмай қалдық": Қарағандыда 13 адам донер жеп уланды

Зиян шеккендердің арасында 10 жасар бала да бар

Атырау театрында өрттің неден шыққаны белгілі болды

Қазір театр аумағы қоршауға алынған

Үш мың грант ақылы оқуға түскендер арасында үлестіріледі — БҒМ

Грант иегерлері тізімі бір аптадан кейін жарияланатын болады

Зорлаған адамнан жүкті болған: Баласы түсіп қалғаны үшін 40 жылға соттала жаздаған бойжеткен ақталып шықты

Сальвадор елінде қандай жағдай болсын, түсік жасатуға тыйым салынады

Батыс Қазақстанда ауылдастар бір-бірінің үйіне кіріп тамақ ұрлаған

Күдікті ретінде үш жасөспірім ұсталды

Адал ит қожайыны көз жұмған соң, 15 минуттан кейін өлді

Ер адам 8 жыл бойы ми рагымен күрескен