Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақ көйлек киіп: Жұлдыз Өмірғали мен Айқын Төлепберген үйлену тойын жасамақ

Жұлдыз Өмірғали мен Айқын Төлепберген үйлену тойын жасамақ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Ревью" бағдарламасына сілтеме жасап. 

Ақ көйлек киіп: Жұлдыз Өмірғали мен Айқын Төлепберген үйлену тойын жасамақЭкс-жаңғақты ару Жұлдыз Өмірғали үлкен үйлену тойын жасауға үмітті екенін айтты. Жұлдызды жұп бастапқыда салтанатты кешті балалы болғанда жасаймыз деп шешім қабылдаған екен. Бүгінде екі баланың анасы атанып үлгерген Жұлдыз ақ көйлек киіп, перзенттерінің әкесіне тұрмысқа шығуға кетәрі емес көрінеді.

"Өзіміз құжаттарға қол қойдық, бірақ үйлену тойын жасамай тұра тұрайық деп шештік. Кейін балаларымызбен бірге жасаймыз деп айтқан болатын. Біз той жасамадық, алайда, ойымызда бар. Келесі жылы болып қалуы мүмкін", - дейді Жұлдыз Өмірғали.

Сонымен қатар, үйлену тойын жасауға Дәурен Айдарқұловтың келіншегі де қарсы емес екенін айтты. Ақбота Сейтмағамбет осылайша балаларының алдында абыройымды өсіргім келеді дейді. 

"Әрине мен балаларымның алдында өзімді бақытты жар, ана ретінде көрсеткім келеді. Неге балаларымның арасында кішігірім той жасамасқа, мен бұған дұрыс қараймын", - дейді Ақбота Сейтмағамбет.

Талқылау