Air Astana Германия әуежайларындағы ереуілге байланысты рейстерін тоқтатты
"Air Astana" әуе компаниясы Германия әуежайларындағы кәсіподақтардың ереуіліне байланысты Астана – Франкфурт – Астана рейсін тоқтатты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жағдайға 17 ақпанда жұма күні өтетін Verdi неміс кәсіподақтарының митингісі себеп болды. Жолаушыларға билет құнын толық қайтару немесе 10 наурызға дейін басқа рейстерге айыппұлсыз қайта брондау ұсынылды.
"Әуе компания рейстің тоқтатылуына байланысты туындаған қолайсыздықтар үшін өкінішін білдіреді. Ақшаны қайтару және қайта брондау үшін анықтамалық орталыққа хабарласыңыз", – деді Air Astana.
Ереуіл Германиядағы әуежай қызметкерлерінің жалақысын арттыру жөніндегі келіссөздер аясында жоспарланып отыр.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген