"Ағамда бар қарапайымдылық менде жоқ": Заңғар Нұртас ағасы жайлы айтты
Белгілі әнші Қайрат Нұртастың інісі Заңғар Нұртас ағасының бойындағы қарапайымдылығы жайлы сөз қозғады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Taboo” бағдарламасына сілтеме жасап.

©instagram.com/zangaar/kair_n
“Көпшілік үшін танымал әнші Қайрат Нұртас өмірде қандай?” деген сұраққа Заңғар: “Ағам өмірде өте қарапйым. “Басындағы бақпен сондай дәрежені қалай ұстап жүруге болады?” деп таңғаламын. Сахнаға шығып бара жатыр, одан бөлек балалары хабарласып жатады, басқа да проблемалары бар, сондай сәтте біз де достарымызға құттықтау жолдауын сұрап жатамыз. Сонда да күле салады да, өтінішімізді жерге тастамай құттықтау жолдайды. Бірақ кейде ренжиді. Адамдар көріп қалып суретке түскісі келеді. Ауырып тұрса да, көңілін қалдырмай суретке түседі. Ағамның орнында мен болсам мен өйтпес едім. Ағамда бар қарапайымдылық менде жоқ”, – дейді кіші Айдарбеков.
Заңғар ағасының қолы ашық азамат екенін де жасырмады.
“Ол ақкөңіл, сондай-ақ, “менікі” деген түсінік жоқ. Өзіндегі ең қымбат нәрсені бере салды. Дүниеге мүлде қызықпайды. Астындағы көлігін “інім саған сыйладым” деп бере салады, қолындағы 10-20 мың доллар тұратын сағатын сыйлай салады. Ауылдан ағайындар келген кезде өзінің шкафына барып киімдерін таратып береді. Өлшемі табылмаса менің бөлмеме келеді. Содан болар Алла оған екі еселеп береді”, – дейді Заңғар.
Сондай-ақ, ол жеңгесі Жұлдызбен қарым-қатынасы туралы айтты.
“Жеңгем екеуіміз бір-бірімізге еркелеп жүреміз. Кездесе қалсақ, сырларымыз таусылмайды, ақылдасамыз. Мені “ерке бала” деп еркелетеді. Екі жеңгем де өте керемет адамдар. Жеңгемнің 10 жыл бойы ел назарынан тыс төрт баланы дүниеге әкеліп, үйге береке кіргізіп, барлығына төзіп отыруын ерлік деп санаймын”, – деп ойымен бөлісті ол.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік