Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістандық ана ұлының интернатта зорланғанын дәлелдей алмай жүргенін айтты

Түркістан облысының Сарыағаш ауданының тұрғыны Мөлдір Дидарова (есімі өзгертілді) бір жылдан бері ұлының зорланғандығын дәлелдей алмай келеді. Айтуынша, оның 14 жастағы ұлы интернаттағы қатарластары тарапынан зорлық әрекеттеріне ұшырапты. Бірақ күдіктілер соттан сытылып шыққан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап.

әйел адам

Оқиға №12 Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы орта мектепке қарасты интернатта орын алған көрінеді. Мөлдірдің айтуынша, бастауыш сыныпты бітірген оның баласы жатып оқитын бұл интернатқа басқалардан қалмай оқуға түскен. Алайда мұнда жоғары сыныпта оқитын ағайынды екі бала төменгі сынып оқушысын бірнеше рет зорлаған. Сотқа шағымданған анасы судьядан әділеттілікті таппаған. Оның апелляциялық шағымы да негізсіз деп танылған. 

«Мені тыңдаған да жоқ, сол барлығы бір ауыл боп, бір ауыз боп барлығы әкімият, мектеп, интернат барлығы Сарыағаш, Түркістан облысы барлығы осы істі жапты. Қазір ақшамен жауады, бәрі ақша деп ойлаймын», - деді жәбірленушінің анасы Мөлдір Дидарова.

Анасының айтуынша, зорлағандар баласының өмірін құртыпты. Енді оның психологиясын қалпына келтіру екіталай. Сонымен қатар, әлдебіреулер оған жала жауып, ауылдан көшіреміз деп отырған көрінеді. Ал интернат басшылығы ұлына нашар мінездеме беріпті. 

Әділдік орнамады деген әйел мұнымен шектелмейтіндігін жеткізді. Қылмыскерлерге тиісті жаза табамын деген ол бас прокуратура мен жоғарғы сотқа арызданыпты. 

Талқылау