"Адамгершілік талаптарға сай болуы керек": Тоқаев қазақстандық судьялар туралы

Бүгін елордада Тәуелсіздік сарайында ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлықтау рәсімі өтіп, Қазақстан халқына ант берді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

Alt

"Бірінші бағыт – халықтың табысын арттыру. Тұрақты және қарқынды экономикалық өсім арқылы ғана бұл мәселені шешуге болады. Таяу арада үкіметтің кеңейтілген отырысында біз еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған нақты міндеттерді айқындаймыз",- деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Ол екінші бағыт деп сыбайлас жемқорлықты жою мәселесін атады. 

"Бірінші қыркүйекке дейін жемқорлықтың деңгейін мейлінше төмендетуге бағытталған реформалар дайындалады. Жемқорлық мемлекеттің дамуын тежейтін кесел. Бұл қоғамдағы өзара сенімге жалпы мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндіретін құбылыс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі жұмыс жүргіземіз", - деп атап өтті мемлекет басшысы.

Тоқаев үшінші бағыт деп сот жане құқық қорғау жүйесін реформалау екенін айтты. 

"Сот заң үстемдігінің кепілі. Сондықтан судьялардың жоғары кәсіби және адамгершілік талаптарына сай болуы бұл - үлкен міндет. Судьялар мен осы қызметке үміткерлерді бағалау жане іріктеу жүйесін қатаңдату керек. Сот әділдіктің соңғы шегі болуы тиіс. Құқық қорғау жүйесінің басты міндеті халық сеніміне ие болу", - деп айтты президент.

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдық сенім ұлттық кеңесінің құрылатынын мәлімдеген болатын. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр