Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Адамдарға зорлық көрсетуге болмайды": Абаев Теңіздегі қақтығыс туралы айтты

Қазақстанның ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Теңіз кен орнында болған қақтығысқа қатысты пікір білдірді. 

«Хабар» арнасының «Открытый диалог» бағдарламасында Абаев жанжалдың себебі мен салдары туралы сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Мұндай жағдайдың ешқашан қайталанбайтынына сенгім келеді. Білесіз бе, себебі қандай болса да, адамдарға зорлық көрсетуге болмайды. Өзге жерде жұмыс істеп, жалақы алып жүрген кез келген шетелдік азамат, бірінші кезекте, жергілікті ерекшелікті, адамдардың менталитетін түсініп, олардың сезімін құрметтеуі тиіс», - дейді министр. 

Ақпарат министрінің сөзінше, қазіргі уақыта ведомствоаралық комиссия қақтығыс себептерін жан-жақты анықтап жатыр.

«Тергеу әлі де жүргізілуде. Жергілікті билік жағдайды бақылауда ұстап отыр. Облыс әкімінің деңгейінде компания жұмысшылары және басшысымен келіссөздер жүргізілді. Төбелесте зардап шеккен шетелдіктердің мемлекеттен шығуы ұйымдастырылды. Бірінші басқарушы Қазақстанға ұшып келіп, ресми түрде кешірім сұрады», - дейді Дәурен Абаев. 

Естеріңізге сала кетсек, 2019 жылдың 29 маусымы күні сағат 11:00 шамасында «Тенгизшевройл» вахталық шағын ауданында Сohsolited Contracting Endihering and Prourement S.A.L Offshore (CСЕР) компаниясының қызметкерлері жұмыс учаскесіне шығып, наразылық білдірді. Оқиға орнына тиісті органдар мен әкімдер барды. Кейін көтерілістің жұмыс теңсіздігіне байланысты туындағаны белгілі болды. 

Тәртіптісіздіктер кезінде 45 адам зардап шекті. Олардың ішінде 4 қазақстандық бар.

Талқылау