Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Адамдарды үстінен таптап, сыртқа шықтық: Қордайдағы апаттан аман қалған жолаушылар оқиға жайлы айтты

Жамбыл облысының аумағында автобус аударылған кезде зардап шеккен кейбір жолаушының жағдайы әлі мүшкіл. Ауруханаға түскен тоғыз адамның үшеуі жансақтау бөлімінде жатыр.

Адамдарды үстінен таптап, сыртқа шықтық: Қордайдағы апаттан аман қалған жолаушылар оқиға жайлы айтты

Бұл туралы Евразия арнасына сілтеп Stan.kz хабарлайды.

Ал, қаза тапқан 11 жанның мәйіті туғандарына табысталыпты. Марқұмдардың үшеуі Өзбекстан азаматы. Атышулы Қордай асуындағы жол апаты қалай болған? Оған кім кінәлі?

Он бір адамның өмірін қиған жантүршігерлік жол апаты Қордай-Алматы тас жолында болған. Сенбі күні таңғы бестер шамасында Шымкенттен шыққан екі қабатты автобус алдында соқтығысып тұрған екі көлікке қайта соқтығыспас үшін рөлін жол жиегіне бұрыпты. Қоғамдық көлікті мына темір қорғандар да қорғай алмаған. Қазір оқиға орнында бірде бір көлік болмағанымен жаны қиналған жандардың қаны жан жағында шашырап жатыр.

Бір-бірінің үстіне құлаған жолаушылар шырт ұйқыдан шошып ояндық дейді. Арасында әуелі түсім шығар деп еш қимылсыз бұрышта қатып қалғандар да болған. Шыны шағылып, шыңғырған дауыстан біреуді есіту мүмкін емес болғанын айтады. Жолда адам ба, сөмке ме қарамай, жан бағып автобустан шыққанша асығыпты. 

- Білмеймін, ұйықтап жатқанмын.

- Қай жерлеріңізде жарақат? Қолыңыз басыңыз?

- Менің жарақатымды не істейсіз? Келіншегімнен айырылдым. Кетіңіздерші ана жаққа.

Әйелімен жолға шығып, қапияда айырылып қалған азаматтың басы жарылып, беті жыртылып, қолы сынған. Өздігімен жүруге мұршасы жоқ. Тілдесе алмадық, қайғыдан жүрегі қан жылап тұр.

Ал, Кугашевтер әулеті Ташкенттен әкесін жерлеп қайтып келе жатыпты. Бір отбасындағы үшеуі де аман болғанымен, жарақаттары ауыр. Бәрі жүргізушінің кінәсі дейді. 

"Бұл текжылдамдықтан болып тұр. Егер жай келе жатқанда, тоқтатып алуға болар еді автобусты. Автобус төрт-бес рет аунаған. Суреттерін көрген шығарсыңдар. Төбесі қалмаған", - дейді тұрғын Бахриддин Кугашев. 

Іші адамға лық толы қоғамдық көлікте екі жүргізушімен қосқанда 40 жолаушы болған. Оның 8-і оқиға орнында жан тапсырса, үшеуінің демі ауруханада үзілген. Қайтыс болғандардың көбі жоғары қабатта жатқандар. Аман қалғандарын түрлі жарақаттарымен Қордайдағы ауруханаға жеткізіпті. Өзбекстан, Тәжікстан және өз еліміздің азаматтары. 

"Біз Өзбекстаннан өз жораларымды танимын. Үшеуі болды. Басқасын танымаймын", - деді Өзбекстан азаматы Өмірбек Айтбаев.

"Мен Тәжікстаннанмын. Біз үшеу едік. Менде жақсы. Жарақат жоқ", - деді Волиджон Дусаев. 

Әбден камерадан қашып, сөйлеуден үзілді-кесілді бас тартқандар автобустағы жерлестері жайында толық ақпарат бермеді. Тек Қазақстанға нәпәқа іздеп келгендерін айтты. Ал, екі жүргізуші сап-сау. Еш жерлері жарақаттанбаған. Ауруханадан полицейлер оларды да апыр-топыр тергеуге әкетті. Тілдестірмеді. Бәрі құдды келісіп алғандай, камера көрсе, алды-артына қарамай қашуда. 

Жол апатынна қаза тапқандардың мәйіттері күні кеше туғандарына табысталған. Марқұмдардың 8-і Қазақстан, 3-еуі Өзбекстан азамтары екен. Шекарадан өткіздік дейді шенділер. Ал, ауруханада зардап шеккен тоғыз адам жатыр, кейбірінің жағдайы ауыр.

"Оның үшеуі жансақтау бөлімінде. Біреуі Өзбекстан азаматы. Алтауы алты адам әртүрлі бөлімшелерде. Екеуі Тәжікстан азаматы", - деді облыс әкімі Асқар Мырзахметов. 

Жамбыл облысының әкімі Қордай-Алматы тас жолында апат болатындай ешқандай себеп болмады,  бәрі жүргізушілердің жүгенсіздігінне дейді. Ал, оқиға орнын құтқарушылар тып-типыл ғып тазалап кеткенімен, әр жерде бір жолаушылардың құлақшыны, майысқан аяқ киімдері мен жүргізушінің визиткасына дейін шыны астында бүктетіліп жатыр.

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Диетасыз арықтаудың тиімді жолы табылды

Жай пиццаның өзінде 678 калория бар, үлкен пиццада — 1923

Танымал тележурналист Димаш Құдайбергенді әлемнің жаңа секс-символы атады 

Әнші "Olympic" атты әсем әнімен Сочи қаласында өтетін "Новая волна" жас дарындар байқауын ашты

Қазақстандық әйел бір жыл бұрын ресейлік экс-күйеуі алып қашқан баласымен қауышты

Ашынған ана Владимир Путиннен баланы қайтарып беруді сұраған

"Бала ауырса, ата-ана қарым-қатынасына мән бергені жөн": Ментальды ауытқуы бар адамдарды қалай емдеуге болады

Маман ментальды ауытқуы бар адамдарды еңбектің көмегімен емдеуге болатынын айтты

"Тығып қойған ақшамның бар екенін ұмыттым": бойжеткен миллиондап жинаған ақшаны аққұмырсқалар жеп қойды

Бойжеткен жергілікті банкке барып, бір миллион рупийін ауыстырып алды

Қатыгез балалар: Нұр-Сұлтан тұрғыны итті оны өлтіре жаздаған жасөпірімдерден құтқарды (видео)

22 тамыз күні 12, 10 және 7 жастағы төрт жасөспірімнің итті ағашқа байлап, ұра бастағандығы белгілі

Шымкентте Ұлттық гвардия жауынгерлері матч кезінде алаңға шығып, төрешіні қорғады

Футболшылар төрешімен сөзге келіп қалды

"Барма, әйтпесе түтіп жейді": Желіде Назарбаевтың кеншілердің алдында сөйлеген сөзінің видеосы пайда болды

Ол жылдары еліміздің тұңғыш президенті Қазақстан компартиясы ОК-нің хатшысы ретінде қызмет еткен

"Кез келген уақытта жарылып кете салуың мүмкін": Кеншілер еңбегін жоғары бағалауды сұрады

Ержан Қонақбаев: Алатын ақшамыз үшін шүкір, бірақ еңбегіміз бұдан да жоғары бағаланса жақсы еді

Қатерлі ісікке шалдыққан спортшыға шұғыл түрде донор қажет

"Тобол" клубының экс-футболистіне диагноз шамамен үш жыл бұрын қойылған
Çàãðóçêà...