Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Адамдар зардап шекті: Тайваньда көпірдің опырылып түскен сәті видеоға түсіп қалды (видео)

Тайваньнің Илань уезінде көпір опырылып түсті. Бұл уақытта көпір үстімен бензин тасымалдайтын көлік өтіп бара жатқан. 

Адамдар зардап шекті: Тайваньда көпірдің опырылып түскен сәті видеоға түсіп қалды (видео)

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Focus Taiwan порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Оқиға бүгін, 1 қазанда, орын алды. Патурльдік қызметтің видеожазбасына сәйкес, бұл кезде көпір үстімен бензин тасымалдайтын көлік өтіп бара жатқан. Алайда көпір опырылып, салдарынан ол айлаққа құлап кетті. Ал көпірдің астында балықшылар қайықтары болған. Сонымен қатар көптеген адам суға құлады. 

Қазіргі уақытта оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Олар қайықтардың және зардап шеккендердің санын, сонымен қатар оқыс оқиғаның мән-жайын анықтауда. 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Stan.kz (@_stan.kz)

Өрт сөндіру қызметінің мәліметінше, оқиға салдарынан 10 адам ауруханаға жеткізілген. Олардың 6-ауы – филиппиндық, үшеуі – индонезиялық, біреуі – жергілікті тұрғын.

Сондай-ақ, патрульдік қызметтің екі мүшесі жеңіл жарақат алды. Алты адам балықшылар қайығында қалып қойған болуы мүмкін. 

Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Талқылау