Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Адамдар шулап, қашты": Қарағандыда оқ жаудырылған автобус жүргізушісі оқиғаның қалай болғанын айтты

Қарағандыда белгісіз біреу бірнеше жолаушылар автобусына оқ жаудырған. Оқ атылған автобустардың бірінің жүргізушісі оқиғаның қалай болғанын айтып берді. Оның сөзінше, ер адам автобустың терезесіне пневматикалық қарудан оқ атып, артынша жасырынып қалыпты. 

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Астана» арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұған дейін полиция мәлімдегендей, оқиға кезінде автобустарда 200-ден аса жолаушы болған. Белгісіз біреу «45-орам» аялдамасында қоғамдық көліктердің терезесіне бірнеше рет оқ атып, мұнан кейін жақын жердегі аулалардың бірінде жасырыныпты.

№45 бағыттағы автобус жүргізушісі Ермек Сыздықовтың сөзінше, ол оқ атылғанын естімеген. Ер адам салонда дүрбелең туып, адамдардың шулап кеткенін ғана байқапты.

«Кейбір жолаушы автобустан шығуға тырысты. Оқ атылғаннан бәрі шок болды. Артынша №40 бағыттағы автобус келді. Ол жерде екі полицей тұрды. Сол автобусқа да екі рет оқ тиген екен. Ал адамдар үрейленіп, еңкейіп, аялдамадан қашты. Бәрі қатты шулап, айқайлап жатты», - дейді жүргізуші. 

Полиция мәліметінше, оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеген. Ал куәгерлер жолаушылардың біріне дәрігерлердің көмегі қажет болғанын айтады. 

Қаладағы мұндай жағдайдан кейін адамдар көшеге шығып, қоғамдық көлікке отыруға қорқып қалған. 

«Бұл адам шошытарлық сұмдық жағдай ғой. Мұндай жағдайды жайдан-жай қалдыруға болмайды», - дейді жергілікті тұрғындардың бірі.

Оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің «Бұзақылық» бабы бойынша іс қозғалған. Қазіргі уақытта полиция оқ атқан адамның тұлғасын анықтап жатыр. 

Еске сала кетейік, Қарағандының орталығында белгісіз біреу жолаушылар автобустарына оқ жаудырған еді.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан президентінің кеңесшісі тағайындалды

Президент Әлия Рақышеваны қызметінен босатты

"Байбек секілді ұстап алғыларың келе ме?": Шөкеев Түркістанда түскі ас құны қанша екенін айтты

Шөкеев: "Бір кездегі 500 теңгелік түскі ас туралы айтқан Бауыржан Байбек секілді ұстап алғыларыңыз келе ме?

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанда құс тұмауы жоқ екенін мәлімдеді

Қазақстан құс тұмауынан аулақ болған ел болып танылды

Бірінші орында Lada: Қазақстандықтар қандай отандық құрама көліктерді сатып алады

Қазақстандықтар отандық құрама машиналарын сатып алуда белсенді бола бастады

Ғалымдар артық салмақтан арылудың ең оңай жолын айтты

Мамандар: Құпия кілті – физикалық белсенділік

"Өліп қаламын ба деп қорықтым": Ер адам дәрігерлердің сөзінен кейін 215 келіге арықтады

Ер адам: Клиникадан шыққаннан кейін отыра қалып, еңіреп жыладым

Ресейлік шұжықтан африкалық оба дерті анықталды

Вирус жылдың кез-келген уақытында тез тарала бастайды

"Менің де саясаттан хабарым жоқ": Зеленскийдің "сыңары" арасында оны алмастырып тұруға дайын екенін айтты

Умид Исабаев жуырда Мәскеуге көшіп барған болатын

Дәрігер өзін камераға түсірмек болған әншінің басын жарып, соққының астына алды

Оқиға сұлулық салонында болды

Түркістан облысында зорландым деген жасөспірімнің оқиғасы: Шөкеев пікір білдірді

Өңір басшысының сөзінше, қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр