Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Адамдар шектен шықты": Алматыда автобуста шылым шеккен ер адам жұртты ашуландырды (видео)

Желіде автобуста шылым шеккен ер адамның видеосы тарады. Оның қоғамдық көліктегі бұл әрекеті жұртты ашуландырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі. 

Желіде оқиғаның Алматыда орын алғаны жазылған.

Видео кадрларынан автобустың артқы орындықтарының бірінде отырған ер адамның шылым шегіп отырғаны байқалады. Алайда автобустағылар оның әрекетіне үндеген жоқ. 

Ал желі қолданушылары қоғамдық көлікте шылым шеккен ер адамды қызу талқылап, «адамдарың шектен шыққанын» айтты.

 «Мұндай шектен шыққандықты көрген емеспін. Неге бәрі үндемейді? Ең болмаса ескерту жасамайды ма? Десе де оның әрекетіне қарағанда, өзгелерге «түкіргені бар» сияқты», «Полиция шақыру керек еді. Айыппұл төлейді. Қоғамдық орында шылым шегуге болмайды. Адамдар, заңды біліңдер», - деп жазды желі қолданушылары.

Өз кезегінде біздің редакцияға оқиғаға қатысты түсініктеме берген Алматы қаласының №3 автобус паркіндегілер мұндай жағдайда автобус жүргізушісіне айыппұл салынатынын айтты. 

«Автобус салонында шылым шегуге болмайды деген заң бар. Бұл ережені жолаушы бұзса, онда сол қоғамдық көлік жүргізушісіне айыппұл салынады», - дейді Алматы қаласының №3 автобус паркі. 

Өткен жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» Кодексіне өзгеріс енгізген болатын. Ол жерде «әуе кемесінің бортында, автобус салонында, жолаушыларды тасымалдайтын микроавтобус, троллейбус, такси және қалалық рельсті көлікте шылым шегуге болмайды» деп көрсетілген еді.

Талқылау