Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Адам құрлы көрмейді": Алматыда "Ақсай нан" жұмысшылары наразылық білдірді

Күні кеше Алматы қаласындағы ең ірі «Ақсай нан» зауытының жүргізушілері жұмысқа шықпаймыз деп наразылық білдірді. Комбинат пісірген нанды көлікке тиеп сауда орындарына тарататын жүргізушілер мардымсыз еңбекақыға көңілдері толмайтынын, жұмыстың ауырлығын айтып басшыларға талай шағымдандық дейді. Алайда зауыт басшылары ұнамаса жұмыстан шығыңдар деп шығарып салды, деп ашуланды жұмысшылар.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды. 

Алматы халқына нан таситын қызметкерлер бір адамның 4-5 адамның жұмысын істеп, мардымсыз жалақы алатынын айтады. Бұған дейін бірнеше рет талап қойған олар «шыдамымыз таусылды» деп ашуланды. Үй көрмей, дүкендерге нан таратамыз деген жүргізушілердің дені денсаулығымыз сыр бере бастады, дейді.

«Кішкене өзгеріс болсын деп сұрасақ: «Жұмыс ауыр болса, барып арақ-шарап тасы», - деп жауапсыз шығарып салды. Енді жұмысқа шықпаймыз деп тұрмыз. Өзгерістер болады деп тұр. Бірақ бізге неше рет уәде берді, жалықтық», - дейді «Ақсай нан» жүргізушісі Үсен Мақұлбеков. 

«Бізді адам құрлы көрмейді. Біздің маңдай терімізді білмейді. Жанымызда 1-2 сағат жүріп көрсінші. Олар шыдамайды. Мен артық ештеңе сұрап тұрған жоқпын. Тек өз еңбегімді сұраймын», - дейді жүргізушілердің бірі Руслан Ысқақов.

Зауытқа тиесілі бір көлік 1,5 тонна нан таратады екен. Жүргізушінің сөзінше, бүгін 42 дүкенге нан таратқан. Ал зауытта осындай 200-ге жуық жүргізуші бар.
Бас-аяғы 150 тоннаға жуық нан тарататын жүргізушілер айына орташа есеппен 120-130 мың теңге жалақы алады екен. Тіпті, олар жалақыны төлем картасымен емес, қолма-қол аламыз деп, «Ақсай нанға» қаржылық тексеру жүргізілгенін қалайды. Ал 200 жүргізушінің басшысы жиналғандардың талабын қалыпты құбылыстай көреді. Зауытта артық ақша жоқ, дейді.

«Адам баласы болған соң, әлбетте көп алғысы келеді. Алайда бізде айлық қоры бар. Одан асып кету мүмкін емес», - дейді «Ақсай нан» комбинатының көлік бөлімінің басшысы Асхат Биахметұлы.

«Ақсай нан» директорының орынбасары жүргізушілердің жалақысы 160 мың теңге дегенде, жиналғандар шулап қоя берді. Тіпті қағаздарын көрсетіп, 16 тәулікке 113 мың теңге алғандарын айтты. Басшы нан бағасының арзан болуы жалақыны өсіруге мүмкіндік бермейді деп ақталды. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Марғау 20 минут бойы жұмыс істеп тұрған кір жуғыш мәшиненің ішінде қалып, одан аман шыққан

Мысықтың иесі оны байқамай, қондырғыны іске қосып жіберіпті

Қарағандыдағы ұрланып, кейін қаза болған баланың анасы өлім жазасын талап етіп отыр

Полиция дұрыс әрекет етсе, балам тірі жүрер еді

Нұржан Қалжан: Хайп жасап атымды шығармай-ақ қойдым

Әнші өзінің хайп қумайтындығын жасырмады

«Орыстың қыздарына мүлдем бармаймын»: Мұқасан Шахзодаев қазақ аруларын ерекше бағалайтынын айтты

Әнші оған қоса ішімдік ішетіндігін де жасырмады

Сенатор Мұрат Бақтиярұлы: Қазақстан – көпұлтты мемлекет емес

"Қазақ жерін иемденген жалғыз ұлт - қазақ"

Қазақстандықтардың шетелдік сайттардан зат сатып алуы қиындайды: Жаңа ереже 1 қаңтардан бастап іске қосылады

Бұл туралы мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді

Мұқасан Шахзадаев: Жұбайының өзі Нұрланды мен сияқты білмейді

Отыз жылға жуық уақыт бір-бірімізді танимыз

Талдықорғанның көшелерінде бірнеше азамат көкпар ұйымдастырған (видео)

Оқиға 9 желтоқсан күні орын алған

34 жастағы филяндиялық әйел ең жас премьер-министр атанбақшы

Санна Марин жаңа қызметіне президент қол қойған соң барып кіреседі

«Әкеме тіл тигізді»: Мұқасан Шахзадаев топтың неге тарағанын ашып айтты

Арамыздағы ақша мәселесіне көз жұмған едім
Çàãðóçêà...