Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Адам қарағысы келмейді": Қайрат Нұртастың жарының жаңа образы жұртқа ұнамай қалды (видео)

Соңғы уақытта желіде белсенді Жұлдыз Абдукаримова желі қолданушыларын өзгеше образбен таңғалдырды. 

Көзін көк, шашын сары етіп шыққан актриса енді бұзақы қыздың стилімен көзге түсті. Шашын өріп, мұрнын тескен Жұлдызды желі қолданушылары осылай деп сөкті. 

"Бұлай жүрмеші, мүлде жараспайды екен, адам қарағысы келмейді", "Өз сүйкіміңмен қала берші", "Еркеліктен не істерін білмей жүр", - деді олар. Алайда Жұлдыздың образын жоғары бағалап, өзгешелік деп атағандар да бар. 

 

"Өмірде бұлай жүрмейтіні белгілі ғой", "Адамдар білместен жатып, сөге беруге шебер", - дейді енді бірі. 

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

#образ 2 😉 #клип2019 #бейнебаян #маралым #KN

Публикация от Жулдыз Абдукаримова (@zhuldyzabdukarimovaofficial)

"Осындай стильдегі қыздардың ішінде де маралымға ұқсайтындар да бар екен.  Мысалы мен. Сізге болмаса да сүйгенінің көзіне маралым болып көрінетінін ұмытпаңыздар. Талғаммен таласпаңыздар", - деп жазды Абдукаримова парақшасында. 

Жұлдыз Абдукаримова бұл образдың бейнебаян үшін екенін ескерте кетті. 

Талқылау