Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Адам есімі тағдырымен байланысты: Келесі бала ұл болсын деген ниетпен қыз балаға "ұл" түбірімен ат қою дұрыс па?

Адам есімі тағдырымен байланысты. Тіпті, сәбиіңізге қандай есім берсеңіз, болашағына әсер етеді деген сенім бар. Ал отбасында бірнеше қыз қатар туып, ер баланы аңсайтындар «ұрпақ қалдырсақ» деген оймен, қыз балаға «Ұл»-дан басталатын  есім беріп жатады.

Адам есімі тағдырымен байланысты: Келесі бала ұл болсын деген ниетпен қыз балаға

Ал, мұның соңы нәзік жанның ғұмырына әсер етуі мүмкін бе? Тіпті сарапшылар, мұндай есім арқылы ата-аналар бұрымдыларға арнайы миссия жүктейді деген пікірде. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Ұлболсын, Ұлжалғас, Ұлтуған секілді есімдер 90-жылдары сәбилерге жиі қойылған. Мәселен 1990-1999 жылдары «ұл» түбірі бар есім 13 803 қызға беріліпті. Оның 53,6 пайызы ауылда дүниеге келген. Зерттеу нәтижесіне сәйкес, Ұлту, Ұлбике, Ұлжан есімдері оңтүстік өңірде туған әрбір 3 қыз балада кездеседі.

Астаналық арудың есімі- Ұлтуар.  Оған ата-анасы қыздан кейін ұл жалғассын деген мағынада ырымдап қойыпты. Тек бойжеткен, мұндай есім үшін туғандарына ренжігенін айтады. Есейе келе райынан қайтыпты.

«Біздің отбасымызда 5  қызбыз, мен бесіншімін. Ұлтуар деп қойған. Ырым орындалды. Мектепке барған кезде басында сыныптастар арасында ойнап, керісінше айтатын болатын. Көп адамдар сұрайды, ұл туды ма деп сұрайды. Өзгеше есім, ұнайтын болды», - деді қала тұрғыны Ұлтуар Үсіпбаева. 

Сандарға сенсек, елімізде шамамен 75 мыңнан астам әйел заты «Ұл» деген сөзден басталатын есіммен өмір сүруде. Оның жартысы ауылда тұрса, 46%-дан астамы қалада. Ал жыл сайын екі мыңға жуық сәбиге «ұл» тіркесі бар есім беріледі екен.

«Үлкен кісілер қояды, соның да негізі бар. Ниеттермен Ұлболсын деп қойып жатса, біздің қоғамымыздың өзі елдің арқасүйер азаматтары қоюға негіз бар», - дейді этнограф Құндыз Тұрдықызы. 

Қыздардың 575 мұсылманша есімі мен олардың мағынасы >>>

Түрлі наным-сенімге, ырымға  сүйеніп қыз балаларға "Ұл" түбірлі есім қоюды "гендерлік кемсіту" дейді мамандар. Тіпті еліміздегі Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы әлем халықтары бойынша қор арнайы «Қызболсын» деген деректі фильм түсірген. Мағынасы сол,  «Ұл» түбірін арқалаған нәзік жандардың өз есіміне қатысты ой-пікірі. Қоғамдағы кемсіту мен жігіттік кодпен өмір сүру. Одан қалса, ата-аналарға есім таңдауда мейілінше мұқият болуды ескерту.

Ұл шақырған есімдерде тұрған еш сөкеттік жоқ. Оны кемсіту деп айтыптаудың өзі орынсыз. Өйткені ата-аналар  есімді тек шынайы, түзу ниеттен қояды дейді мамандар.

"Қыздарды шектеу деп ойламаймын. Керсінше "Ұлту, Ұлжалғас" дегендерді көбірек еркелетіп өсірген", - дейді этнограф.

"Төбесіне алтын құйып бақсан да ұлдың аты ұл деп айтады. Ұрпағын жалғастырсын дейді ғой".

"Дұрыс емес деп ойлаймын, үш қыз болмаса! Ұлболсын деп қояды. Оны кінәсі неде? Әсел десе болады".

"Мен негізі өзім ұл болып туылу керек едім. Есімім Үміт. Үміттенген сияқты ғой енді. Мен ойлаймын ұл болсын, қыз болсын, бала дені сау болу керек!", - дейді тұрғындар.

Айта кетейік, дәл осы "ұл" түбірімен қойылған есімдерден кейін нақты қанша ұл  бала туылғаны саналмапты. Бірақ, қанша жерден ырымдап қойса да кейбір отбасыларда, керісінше дүниеге қайта қыз келген дейді мамандар.

Талқылау