Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

58 миллиард рубль жымқырған Әбілязовтың ісі қашан қаралады

Мәскеудің Таган соты 31 қаңтар күні Мұхтар Әбілязовтың ісін қарайтын болады. Экс-банкир "БТА Банкке" тиесілі 58 миллиард рубль жымқырды (шамамен 350 миллиар теңге) деп айыпталған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әбілязов

Өткен жұмада қорғаушы тараптың сотқа келмеуіне байланысты іс кейінге қалдырылыпты. 

Әбілязовпен бірге сотта аталған банктің бұрынғы төрағасы Роман Солодченко мен қаржы мекемесінің экс-қызметкерлері Артур Трофимов, Игорь Кононко, Татьяна Параскевич, Анатолий Ерещенко және Александр Удовенко істері қаралатын болады. 

Күдіктілер қазіргі кезде Еуропада қамауға алынған. Оларды мемлекетке қайтаруға Қазақстаннан бөлек, Ресей мен Украина мүдделі көрінеді. Қомақты соманы қалталарына басқан азаматтардың істері олардың қатысуынсыз өтеді. 

Тергеуші тарап Әбілязов өз кезегінде бірқатар құрылымы қиын айла ойлап тауып, сол арқылы Ресей Федерацциясы аумағынан да ақша ұрлаған деген тоқтамға келіп отыр. Іске байланысты 400 томдық құжат жасалыпты. 

Ресейде 58 миллиард рубльдің ұрлануына байланысты Әбілязовтің үстінен іс қозғалғаны айтылған еді. 

 


 

Талқылау