Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Абай Бегейді ұрғанын айтқан Нұрлан Еспанов жұртты күлдірді (видео)

Абай Бегейді қалай соққыға жыққанын айтып берген Нұрлан Еспанов жұртты күлкіге қарық қылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Абай Бегей желідегі парақшасында Нұрлан Еспановтың өзін қалай ұрғанын айтып жатқан бейнежазбасын жүктеген. Желкесінен ұстап тұрып, әбден соқтым деп мақтанды Нұрлан Еспанов. Бір-бірін соққыға жығып қалжыңдаған әншілер күлкіге қалды. 

"Абайды, былай қысып тұрмын. Бірінші желкесінен ұстадым да, белінен екі рет ұрдым. Ол еңкейген кезде, қысып алдым. Абай "Ойбай, Нұреке" деп айқайлайды. Мына захваттан шыға алмайды ғой ешкім. Сөйтіп алдым да, тептім. Ойбай-ай, мынау түсіріп жатыр екен ғой", - дейді Нұрлан Еспанов бейнежазбасында.

Бұны көрген желідегі жұрт күлкіге қарық болды. Олар бейнежазбаға қатысты пікір білдіріп, ойларын жазуды да ұмытпаған. 

"Өтірік әңгімені әкетіп жатыр ғой", "Әбеке Нұрекеңнен оңбай таяқ жепсіз ғой", "Нұреке, өлтіресіз әңгімені", "Абай бауырым, батыстың жігіттері намысты қолдан бермейді", "Ай, мақтаншақ жерлесім", "Әзілдері өздеріне жарасып тұр", "Нұрлан өте ақкөңіл адам", - десті жұрт. 

Талқылау