Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Абаев: Шеруге шыққан көпбалалы ананың бәріне бірдей пәтер беру миға қонбайды

Нұр-Сұлтандағы 3 маусым күні көпбалалы аналар тобы үкімет үйінің жанында тұрғын үй мәселесін шешуді талап етті. Бұл мәселе жайлы Дәурен Абаев пікір білдірді. 

Alt

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев "Хабар" арнасының "Ашық диалог" бағдарламасында көпбалалы аналарды баспанамен қамту мәселесі жайында түсініктеме берді.

"Мен алаңға шығуға ерінбеген аналардың бәріне пәтер беру мүмкін емес екенін айтамын. Мемлекет көпбалалы аналарға көмек көрсетуден бас тартпайды, бірақ ақылға қонымды шектеулер болуы керек. Қайталап айтамын, бүгінгі таңда көпбалалы отбасыларға арналған тұрғын үй құрылысы басталды. Бұл аз қамтылған отбасылардың қажеттіліктерін бірнеше жылдарға негіздейді. Ал үй құрылысы аяқталмаса, әкімдік не істейді? Мұндай жағдайда да елордалық ондаған отбасы "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" арқылы пәтер алды немесе жалға алды. "Берекелі баспана" бағдарламасы аясында көпбалалы отбасылардан құжаттарды қабылдау басталды. Жыл басынан бастап мемлекеттік қызметкерлерге арналған тұрғын үй сертификаттары алғашқы жарнасы бір миллион теңгеге берілді. Бастапқы жарнаның барлығы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады", - деп түсіндірді министр.

"Көпбалалы отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек төленді, орташа есеппен отбасында 100 мың теңгеден асады. Сонымен қатар тегін тамақтану, жеңілдікті тасымалдау, мектепке қабылдау үшін балаларға квота берілді. Көпбалалы аналар әкімдікті жағалап жүр Өкінішке қарай олардың ешқайсысы дерлік жұмысқа орналасуды талап еткен жоқ. Біліктілігін арттыруды, күйеуінің жалақысын көтеруді талап еткен жоқ. Бәрі дәл қазір үй беруді сұрайды", - дейді Абаев.

Министрдің айтуынша, көпбалалы аналар мемлекет тарапынан берілетін кей жеңілдікті алғысы келмейді. 

"Мен бір мысал келтіргім келеді: биылғы жылы көпбалалы отбасыларға арналған Nurly Ertis қоныс аудару бағдарламасы іске қосылды. Тек мамыр айында 53 отбасы Екібастұз қаласына қоныс аударды. Бұл ретте Павлодар облысының әкімдігі отбасы мүшелерін жұмысқа орналастыруды, балаларын балабақшаға тегін орналастырып, мектеп формасы мен тамағын тегін алып беруге жеңілдік жасады. Нұр-Сұлтан әкімдігі осындай отбасыларды көшіруге жұмсалатын шығындарды өз мойнына алады, бірақ көбісі мұндай жәрдемнен бас тартты. Өйткені олар елордадан пәтер алғысы келеді", - деді министр.

Еске сала кетсек, 3 маусымда елордада көпбалалы аналар Үкімет үйінің алдына жиналып, баспана мәселесінің шешілуін талап етті. Олар мемлекет басшысымен кездесуді сұрады. 

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал тележурналист Димаш Құдайбергенді әлемнің жаңа секс-символы атады 

Әнші "Olympic" атты әсем әнімен Сочи қаласында өтетін "Новая волна" жас дарындар байқауын ашты

Қазақстандық әйел бір жыл бұрын ресейлік экс-күйеуі алып қашқан баласымен қауышты

Ашынған ана Владимир Путиннен баланы қайтарып беруді сұраған

"Бала ауырса, ата-ана қарым-қатынасына мән бергені жөн": Ментальды ауытқуы бар адамдарды қалай емдеуге болады

Маман ментальды ауытқуы бар адамдарды еңбектің көмегімен емдеуге болатынын айтты

"Тығып қойған ақшамның бар екенін ұмыттым": бойжеткен миллиондап жинаған ақшаны аққұмырсқалар жеп қойды

Бойжеткен жергілікті банкке барып, бір миллион рупийін ауыстырып алды

Қатыгез балалар: Нұр-Сұлтан тұрғыны итті оны өлтіре жаздаған жасөпірімдерден құтқарды (видео)

22 тамыз күні 12, 10 және 7 жастағы төрт жасөспірімнің итті ағашқа байлап, ұра бастағандығы белгілі

Шымкентте Ұлттық гвардия жауынгерлері матч кезінде алаңға шығып, төрешіні қорғады

Футболшылар төрешімен сөзге келіп қалды

"Барма, әйтпесе түтіп жейді": Желіде Назарбаевтың кеншілердің алдында сөйлеген сөзінің видеосы пайда болды

Ол жылдары еліміздің тұңғыш президенті Қазақстан компартиясы ОК-нің хатшысы ретінде қызмет еткен

"Кез келген уақытта жарылып кете салуың мүмкін": Кеншілер еңбегін жоғары бағалауды сұрады

Ержан Қонақбаев: Алатын ақшамыз үшін шүкір, бірақ еңбегіміз бұдан да жоғары бағаланса жақсы еді

Қатерлі ісікке шалдыққан спортшыға шұғыл түрде донор қажет

"Тобол" клубының экс-футболистіне диагноз шамамен үш жыл бұрын қойылған

Тоқаев Қазақстанда жаңа университет ашуды тапсырды

Президент елдің ең көрікті жерлерін шетелге танытып, көрсетудің маңыздылығына тоқталды
Çàãðóçêà...