Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

9 жасар қыз жеделсатымен 18-қабаттан кұлап аман қалды (видео)

Қытайдың Гуандун провинциясы, Шэньчжэнь қаласында 9 жастағы қыз 18-қабаттағы жеделсатыдан құлады. 

9 жасар қыз жеделсатымен 18-қабаттан кұлап аман қалды. Оқиға түсірілген видео жарияланды. 

Оқиға 28 мамырда болды. Видеодан жеделсатының екі баламен 19-қабатқа көтеріліп бара жатқанын көруге болады. Есіктері жабылғанда, жүйеде ақау шығып, дисплей жұмыс істемей қалады. Жеделсаты жедел түрде төменге түсе бастайды. Бұл кезде шошыған қыз айқайлап, барлық нүктелерді баса береді. 

Нәтижесінде жеделсаты 1-қабатқа келгенде тоқтайды. Адамдар қыз баланы сыртқа алып шықты. Қытайлық қыз қатты шошынып, психологиялық жарақат алып қалды, бірақ денсаулығына еш қауіп төнген жоқ.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр