80 мың жас жұмыссыз жүр – министрлік
Қазақстанда жастар арасындағы жұмыссыздық 3,8 пайызды құрайды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Жастар арасындағы жұмыссыздық 3,8 пайызды құрайды. Бұл ресми статистика. Бізде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар бар екенін білесіздер. Яғни олар ресми тіркелмеген. Бірақ жұмыс істейді, ал міндетті зейнетақы жарналары және басқа да өзге аударымдар жүргізілмейді", – деді Олжас Орбаев.
Вице-премьердің сөзінше, екі қолға бір күрек таппай жүрген қазақстандық жастардың саны шамамен 80 мыңға жуықтайды.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген