Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"8 қабат үй саламын": Ержан Максим арманы туралы айтты

Ержан Максим арманы туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Қарақатпен шай" бағдарламасына сілтеме жасап.

Жас әнші болашақта қандай болуды армандайтынын айтты. Үлкен үй салып, отбасының басын қосқысы келеді Ержан Максим. Шыныдан баспана салып, аспанға, жұлдызға тамсанып өмір сүруді ойлайды екен ол. Дегенмен әнші зәулім үй салу үшін де еңбек керек екенін айтып, кішкентай болса да, үлкен адамдарша ойлайтынын көрсетті. 

"Маған орманның ішінде жалғыз тұратын үйлер ұнайды. Орманның ішінен шыныдан үй салғым келеді. Сол жерден әкем мен анама, апам мен атама, балаларыма арналған бөлмесі бар 8 немесе 10 қабат болғанын қалаймын. Астыңғы қабатында анама арналған жаттығу залы болады. Ең жоғарғы қабатында үлкен қонақ бөлмесі болады. Жоғарғы жағы да шыны болады. Аспандағы жұлдыздарды қараймын. Телескоп та алып аламын", - деп жазды Ержан Максим. 

Талқылау