Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"8-9 жасынан хиджапқа орап, мектепке жібермей қояды": Теріс ағымға кірген күйеуінен қорлық көрген әйел

Алматыда теріс діни ағымның кесірінен 400-ден астам адам зардап шегіп отыр. Бұл статистиканы қалалық әлеуметтік даму басқармасы келтірді. Олардың дені – дер кезінде кеңес көмегіне жүгініп, оңалту орталығынан көмек сұрағандар. Арасында серігімен діни ұстанымына ажырасқандар да бар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Алматы арнасына сілтеме жасап. 

хиджаб

Бет-жүзін жасырған Юлияның айтуынша, күйеуі бір күнде өзгеріп сала берген. Бұған теріс ағымның жетегінде кетуі себеп болған екен. Бастапқыда ол Юлиядан жұмыстан шығуын талап еткен. Тіпті, үйде отырған кезінде үйден бір қадам аттап басуға тыйым салған. Қыздарын да мектепке жібермей қойған. Осыдан кейін Юлияның шыдамы таусылып, ақыры күйеуімен ажырасып тынған. 

«Балалардың не жазығы бар екенін түсінбеймін. Екеуі де қыз бала. Оларды да дін жолына салып, белгілі бір тәртіппен жүріп-тұруға мәжбүрлегісі келді. Иә, олар, әу бастан, қыз балаға білім алудың керегі жоқ деген пікірде. Айтуларынша, қыз баланың міндеті – күйеуге шығып, дүниеге сәби әкелу. Оның өзінде олар дін жолындағы ер адамға күйеуге шығуы керек. 8-9 жасынан хиджапқа орап, мектепке жібермей қояды», - деді ол. 

Бүгінгі таңда Юлия балаларын өз қамқорлығына алуы үшін көптеген құзырлы органның табалдырығын тоздырып жүр. Іштей қыздары әкесінің ықпалына түсіп қала ма деп қорқады. Жуырда ол Алматы әкімдігі жанындағы оңалту орталығынан көмек сұрап, олардың қызметіне жүгінген. 

«Иә, расымен де, ол кісі бізден көмек сұрап келді. Ресми түрде күйеуімен ажырасқан. Алайда қазір күйеуі балаларды өзім аламын деп таласып жатыр. Мұндайда ең қиыны – адамдардың кімнен көмек сұрау керектігін білмеуі. Біз оған көмек қолымызды созып, заң жағынан кеңес бердік», - деді Алматы қоғамдық даму департаментінің басшысы Ерғали Қошеке.


Тағы оқыңыз >>> "Үйдің шатырына шығарып зорлады": Оралдық әйел Сириядағы күндері туралы
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Кім көрінгенді алады": Бақытжан Сағынтаев Алматы автобустарының жүргізушілері туралы

Қала басшысы биыл Қытайдан 200 автобус келетінін айтты

Сот Таразда жетімдер үйінің негізін салған америкалыққа Қазақстанда тұруға рұқсат бермеді

Шетелдік азаматша Тараздағы балаларға көмек көрсететін қордың негізін салушы

Осымен екінші рет: Түркістан облысында ер адам кейуананы тірідей өртеп жібермек болды

Қария полицейлердің тек таңертең келгенін айтып шағымданды

"Бір шешімге келіп, ұсыныс жасадым": Кентал Әсел Асқардың қолына сақина тақты

Өнер иесі атышулы арудың жақсы қасиеттерін айтып берді

Адам ағзаларын тура көшеде тұрып өртеген: Шымкентте шу шықты

Компания биыл үш рет ұсталса да, ереже бұзуды жалғастыруда

"Қасымда бол": Салтанат Бақаева күйеуіне арнап бейнебаян түсірді

Жұрт жұлдызды жұпқа бақыт тіледі

Ресейде полицейлер қазақстандық қызды зорлады: ҚР СІМ түсініктеме берді

Ресейде полицейлер зорлаған қазақстандық қыз елшіліктің көмегіне жүгінбеген

"Аздап қорқып тұрғаным рас": Головкин қарсыласы Деревянченко туралы

Қазақстандық боксшының келесі жекпе-жегі 5 қазан күні өтеді

"Осының есі орнында ма?": Сәукеле киген отандық әзілкеш сынның астында қалды (видео)

Өнер иесі әйелдер киінетін дүкендердің бірінде киім таңдап, жұртты күлдірмек болған

"Әлі соңымыздан келе жатыр": Асылхан Төлеповтің келіншегі күйеуінің артынан қалмай қойған қыздар туралы айтты

Актердің табынушылары келіншегінен ұялады екен
Çàãðóçêà...