Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

73 жыл отандасқан ерлі-зайыпты коронавирустан бір күнде көз жұмды

АҚШ-тың Висконсин штатындағы ұзақ өмір сүрген жұбайлар коронавирус жұқтырды және бір күнде қол ұстасып қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Уилфорд Кеплер 1926 жылы дүниеге келген және болашақ әйелі Мэримен бірге бір мектепте оқыған. Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанда, Уилфорд Тынық мұхитына жіберілген. Ол "Уилкс-Барр" крейсерінде қызмет еткен және Окинава үшін шайқасқа қатысқан. Мэри соғыс кезінде онымен хат жазысып отырған.  Уилфорд Кеплер қайтып оралғаннан кейін оған үйленген. Олар 73 жыл бойы бірге өмір сүрген.

8 сәуірде Мэриден коронавирус табылды. 12 сәуірде ерлі-зайыптылардың екеуі де ауруханаға жатқызылды. Уилфордқа да COVID-19 диагнозын қойды. Аурухана қызметкерлері ерлі-зайыптылардың бір бөлмеде болуына жағдай жасап, қолдарын ұстай алатындай етіп төсектерін жақындатты. 18 сәуірде Уилфорд қайтыс болды, алты сағаттан кейін Мэри де көз жұмды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр