Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

72 жастағы әйел итімен ойнаймын деп көз жұмды

Ағылшындардың Бистон қаласында әйел адам итімен ойнаймын деп көз жұмды.

72 жастағы әйел итімен ойнаймын деп көз жұмды

72 жастағы Кэрол Парсонс асүйде Квинни атты итімен ойнайды. Иті оның денесін аздап жарақаттайды. Зейнеткер жараланған жеріне антисептикалық крем жағады. Бірнеше күннен кейін өзін нашар сезініп, ауруханаға жеткізіледі. 

Дәрігерлер лапароскопиямен тексере келе инфекцияны анықтайды.

Медициналық көмек көрсетілгенімен әйелде сепсис пайда болды. Қанының бұзылуы ағза жеткіліксіздігіне әкеп соқты. 2019 жылдың 26 ақпанында әйел мерт болды. 

Ноттингемшир штатының тергеушісінің көмекшісі Лауринда Бауэр науқастың медициналық тарихын оқыған соң, иттің иесіне ауру жұқтыруы мүмкін емес екенін айтты. 

"Оның денесінде тістің ізі емес, жара болды. Ол иттен жұғатын бактерия емес", - деді Бауэр.

Ол отбасына көңіл айтты. Әйелдің өлімінің себебі нақты белгісіз. 

Талқылау