Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«7-20-25» және «Баспана Хит» бағдарламалары ипотека нарығын екі есеге өсірген

«7-20-25» және «Баспана Хит» ипотекалық бағдарламалардың іске қосылуы нарықты жандандыруға және оны екі есе ұлғайтуға мүмкіндік берді – деп хабарлайды «Баспана» ипотекалық ұйымы. 

2015-2017 жылдармен салыстырсақ, екінші деңгейдегі банктер орташа алғанда жылына 250 млрд. теңгеге ипотекалық несие берді. «Баспана» компаниясы жұмысын бастаған сәттен бастап (2018 жылғы маусымы) 2018 жылдың соңына дейін жалпы алғанда нарық бойынша халыққа ипотекалық кредит беру 524 млрд. теңгеге дейін, ал 2019 жылғы 8 айда  - 508 млрд теңге сомасына ұлғайған. Оның ішінде «7-20-25» және «Баспана Хит» бағдарламалары бойынша коммерциялық банктер 208,3 млрд теңгеге ипотека берген, бұл 22 мың қарызды құрайды.

Ағымдағы жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша «7-20-25» және «Баспана Хит» тұрғын үй бағдарламалары бойынша 162 млрд. теңге жалпы сомасына 17 916 қарыз берілген.

«7-20-25» және «Баспана Хит» бағдарламалары мемлекеттік бюджеттен емес, облигацияларды қор нарығында орналастыру арқылы нарықтың жүйемен қаржыландырылады. 

«7-20-25» бағдарламасы  – бұл Қазақстан Республикасының жұмыс істейтін азаматтарына арналған, кредиттеу мөлшерлемесі нарықтан төмен, пайдалануға берілген, бастапқы тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік беретін бағдарлама. «7-20-25» бағдарламасы іске қосылғаннан кейін азаматтарының тұрғын үйді бастапқы нарықтан ғана емес, қайталама нарықтан да сатып алуына мүмкіндік беру үшін «Баспана Хит» бағдарламасы да іске қосылды.

Қазақстандықтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясаттың маңыздылығын және ипотека бойынша төмендетілген шарттарға деген азаматтар тарапынан сұранысты ескере отырып, Ұлттық Банктің еншілес ұйымы болып табылатын оператор «7-20-25» және «Баспана Хит» бағдарламаларын іске асыруды одан әрі жалғастырады.

Талқылау