Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Абдырап отырғаным рас": Муралды салдырғандар плагиат деп айыптағандарға жауап берді

Бүгін, 18 шілде күні, қазақстандық әлеуметтік желілерде инспектор Ерлан Нұрғалиевке арналған мурал ашылды. Алайда мурал салу жұмыстарын ұйымдастырушысы оның тек бір адамды мадақтауға арналмағанын бөлісті. Сондай-ақ, суреттің қаншалықты плагиат екеніне тоқталды. Бұл туралы Орталық Азиядағы Mural Fest фестивалінің бағыттаушысы Мөлдір Бекжан Stan.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты. 

муралСуреттер: Мөлдір Бекжан

Суреттің қыр-сырын меңгерген өнер иесі плагиатқа қатысты пікірлерді естігенде қатты таңырқағанын жасырмады. 

«Қазақстандықтардың бізді плагиат жасады деп айыптап жатқанын небәрі жарты сағат бұрын ғана білдім. Соңғы жеті күн ішінде шетелдік суретшінің жанында жүрген болатынмын. Бүгін оны өз еліне шығарып салдым. Кейін үйге келіп, интернетке кіріп қарағанымда, плагиатқа қатысты пікірлерді оқып шок болдым. Мен, бар болғаны, қаламызды көрікті етуге тырыстым. Оның үстіне дәл осындай аз гонорарға әлемдік деңгейдегі өнер иесін шақыру маған оңайға соқпады. Ал беделі биік жандардың гонорары да айтарлықтай жоғары екенін жақсы білесіздер. Мурал авторы Тельма Миэльді бұл әлеуметтік жоба екенін айту және қонақжайлылығымызды көрсету арқылы шақырып алып отырмын», - деді Мөлдір Бекжан. 

«Тельма Миэльмен келіссөздер бір жылға созылды»

Әрі қарай фестиваль ұйымдастырушыларының бірі Тельма Миэльмен келіссөздердің қалай басталғанына тоқталды. Айтуынша, бұл бір күндік немесе бір айлық жұмыс болмаған. 

«Мен де шығармашылық адамымын. Сурет өнері саласында түрлі шара ұйымдастырамын. Mural Fest шарасы Алматы қаласында осымен төртінші жыл қатарынан өтіп жатыр. Әдетте жыл сайын ақпан айының 1-нен бастап қатысушылардың өтімін қабылдай бастаймыз. Алдымызға іріктеуге қатысқысы келетін әртүрлі туынды келіп жатты. Өзім бағыттаушы болғандықтан, әлемдегі суретшілер мен муралистердің өнерін жіті бақылап отырамын. Осы орайда Алматыға аты әлемдік деңгейде әйгілі беделдірек біреуді алып келгім келді. Өзімнің жеке тізімімде мұндай бірнеше суретші бар. Солардың бірі – осы голландиялық суретші», - деді Мөлдір Бекжан. 

мурал

Ұйымдастырушы уақытының тығыз екеніне қарамастан, Тельма Миэльдің Қазақстанға келуге келіскеніне қатты қуанғанын жасырмады. Оның үстіне өнер иесі азғантай гонорарға келісімін берген екен. 

«Оны елімізге өткен жылы шақырдым. Алайда ол кезде бір жыл бұрын өз жоспарын анықтап қойғандықтан, келе алмадым. Дәлірек айтсам, желтоқсан айына дейін қолы бос болмады. Арада келіссөздер жүргізіп, ақыры шілде айында келетін болып келісілді. Оның жұмыстары маған қатты ұнайды. Стильді араластыруы қаншалықты көркем екенін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Бір туындысына мәңгілік қарап отырып сүйсінуге болады. Бұл нәрсе қазақстандықтарға ұнайды деп ойладым», - деді фестиваль ұйымдастырушысы. 

«Шетелде 5 мың еуроға салса, Қазақстанда мың еуроға салуға келісті»

Мөлдір Бекжан суретшіге қанша қаламақы төленгенін айтудан бас тартты. Тек бұған жеке таныстықтары мен сыйластықтары айтарлықтай сеп болғанын бөлісті. Сондай-ақ, мұны Тельма Миэльді қорғап қалу үшін жасап отырғанын айтты. Себебі, қанша қаламақы бергенін білген жағдайда, өзге мемлекеттер де оның өнерін арзан ақшаға бағалауы мүмкін. 

«Біріншіден, дәл қазір сізге оның гонорарын айтып қоятын болсам, шетелдіктер де оның еңбегін лайық деңгейде бағаламауы мүмкін. Екіншіден, арадағы келісімшартымызда жазылған дүниеге бола мұны жасырмасқа амалым жоқ. Үшіншіден, өнер иесінің мен ұсынған бағаға келісуі – сирек жағдай. Десе де, сіздерге мысалмен түсіндіруге тырысайын. Тельма Миэль дәл осы суретті басқа елдерде 5 мың еуроға салып жүр делік. Ал қазақ жерінде ол мұны небәрі мың еуроға салып отыр. Осы айтқан цифрларға сеніп қалып жүрмеңіздер. Мен бар болғаны қаншалықты аз ақшаға келіскенін түсіндіргім келіп жатыр», - дейді Мөлдір Бекжан. 

мурал

«Суретте үш емес, төрт қол бар»

Бұдан өзге ол муралдың жұрт ойлағандай тек бір адамның ерлігін мадақтауға арналмағанын жеткізді. Сондай-ақ, бір туындыда үш бірдей мемлекеттің 6 суреті көрініс тауып отырғанын айтты. Олар – Голландияның үш, Қазақстанның екі және Қытайдың бір суреті.

«Желі қолданушылары суретте үш қол бар деп жатыр. Жоқ, ол жерде бір емес, басқа емес, төрт қол бар. Неге дейсіз бе? Дәл осы идея арқылы біз жануарларды, табиғат ананы қорғау үшін екі қолдың жеткіліксіз екенін айтқымыз келді. Бұл іске біз барша адамзат болып күш жұмылдыруымыз керек. Желіде көпшілік оның марқұм инспектор Ерлан Нұрғалиевке арналғанын жарыса жазып жатыр. Негізі олай емес. Әрине, осылай ойлағандары бізді сөзсіз қуантады. Яғни айтайын дегенім – мурал бір адамды мадақтау үшін емес, бұған қоса барша адамзатты игі іске жұмылдыру үшін салынып отыр», - деді ол. 

«Абдырап отырғанымды жасырмаймын»

Мөлдір Бекжан шетелдік суретшінің үнемі жанында жүргенімен, шығармашылығына тиіттей де болсын кірігіп көрмегенін айтады. Тіпті, «Қандай сурет саласың? Түпнұсқаларын көрсетші» деп те сұрамаған екен. Сондай-ақ, ол осы орайда, расымен де, фотограф Оспан Әлиден рұқсат сұрамағандары үшін арада кішігірім түсінбестік болып жатқанына тоқталды. Алайда салынған мурал – коммерциялық жоба емес екенін айтып ақталды. 

«Иә, голландиялық суретші таңдаған суреттердің бірі Оспан Әлиге тиесілі. Біз ол кісіден арнайы рұқсат сұрамағанымыз да рас. Ал екінші қазақстандық сурет – бір авторға емес, орташа есеппен көптеген фотографқа тиесілі туынды. Дәл қазір абдырап отырғанымды жасырмаймын. Таныстарымнан «Біз, расымен де, бірнәрсе бүлдіріп қойдық па?» деп сұрап та қоямын. Бірақ, осы муралдың ешқандай да коммерциялық жоба емес екенін айтқым келеді. Одан ешкім ешқандай пайда көріп отырған жоқ. Алматылықтар бұл көз тартар көріністі бағалайды деген үміттемін. Айта кететіні, мемлекеттік бюджеттен бір де бір тиын алмадым. Мурал салдыруға ақша жеке менің қалтамнан шықты», - деп ақталды Мөлдір Бекжан. 

мурал

«Муралдағы марқұм Нұрлан Ерғалиев емес»

Фестиваль ұйымдастырушысы суреттегі азаматтың инспектор Нұрлан Ерғалиев емес екенін айтты. Бұл – қандай да бір жиынтық образ. Прототип ретінде азиаттық келбетті алған. Яғни оның орнында кез келген азаматтың суреті болуы мүмкін еді. 

«Кез келген суретші туындылары арқылы жан-дүниесіндегіні өмірге деген өзіндік көзқарасы арқылы жеткізеді. Сондықтан суретшінің жанына барып «Мынаны алып тастаңызшы. Адам кішкене күліп тұрсыншы» деп кіріге алмаймыз. Өнер еркіндікті сүйеді, ал өнер иесі өз туындысының барша адамзаттың жүрегін қарып өткенін қалайды. Шығармашылық деп қарасақ та, кішігірім суретке қатысты ақпарат жинап қойғаным бар. Сурет үлкен болса да, туындылардың тек белгілі бір фрагменттері қолданылған. Мені осындай ажиотаж болып жатқаны алаңдатады. Шынымды айтсам, оның қаншалықты жақсы немесе жаман екенін біле алмай отырмын. Бір шетінен адамдар талқылап жатса, расымен де, қызық шығар. Өзімді игі іс жасап жатырмыз деп тынышталдырып отырмын. Алматылықтар жақсы жағынан бағалап жатса, қуанатын едім», - дейді Мөлдір Бекжан. 

Аталған туындыны Тельма Миэль Алматы қаласындағы ыстық ауа райына қарамастан, жеті күн бойы тоқтамай салып шыққан. 

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Алматы қаласында жаңа муралдың ашылғаны туралы хабарлаған едік

2019 жылы 16 қаңтарда Қарағанды облысында инспектор Ерлан Нұрғалиев пен Петр Ницыкаға браконьерлер шабуыл жасады. «Охотзоопром» инспекторлары ауыр жарақат алып, Ерлан Нұрғалиев көз жұмды. 

Әріптестері марқұм инспектордың адамгершілігі мол, мейірімді жан болғанын айтады. Жасы 53-ке келіп қалса да, спортпен тұрақты түрде шұғылданған. Ол соңғы алты жылда Нұрын ауданында жоғалып бара жатқан және сирек кездесетін жануарларды күзеткен. 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз кезегінде браконьерлер қолынан қаза тапқан Ерлан Нұрғалиевке ІІІ дәрежелі «Барыс» орденін табыстаған болатын. 

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Батыс өңірлерде ыстық басылады: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

2019 жылғы 24-26 тамызға арналған болжам

"Кім көрінгенді алады": Бақытжан Сағынтаев Алматы автобустарының жүргізушілері туралы

Қала басшысы биыл Қытайдан 200 автобус келетінін айтты

Сот Таразда жетімдер үйінің негізін салған америкалыққа Қазақстанда тұруға рұқсат бермеді

Шетелдік азаматша Тараздағы балаларға көмек көрсететін қордың негізін салушы

Осымен екінші рет: Түркістан облысында ер адам кейуананы тірідей өртеп жібермек болды

Қария полицейлердің тек таңертең келгенін айтып шағымданды

"Бір шешімге келіп, ұсыныс жасадым": Кентал Әсел Асқардың қолына сақина тақты

Өнер иесі атышулы арудың жақсы қасиеттерін айтып берді

Адам ағзаларын тура көшеде тұрып өртеген: Шымкентте шу шықты

Компания биыл үш рет ұсталса да, ереже бұзуды жалғастыруда

"Қасымда бол": Салтанат Бақаева күйеуіне арнап бейнебаян түсірді

Жұрт жұлдызды жұпқа бақыт тіледі

Ресейде полицейлер қазақстандық қызды зорлады: ҚР СІМ түсініктеме берді

Ресейде полицейлер зорлаған қазақстандық қыз елшіліктің көмегіне жүгінбеген

"Аздап қорқып тұрғаным рас": Головкин қарсыласы Деревянченко туралы

Қазақстандық боксшының келесі жекпе-жегі 5 қазан күні өтеді

"Осының есі орнында ма?": Сәукеле киген отандық әзілкеш сынның астында қалды (видео)

Өнер иесі әйелдер киінетін дүкендердің бірінде киім таңдап, жұртты күлдірмек болған
Çàãðóçêà...