Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"7 адам көз жұмды": Қарағанды-Теміртау тасжолында ірі жол-көлік апаты болды

Ағымдағы жылдың 29 маусымы күні "Қарағанды-Теміртау" тас жолында 30 жастағы "DAEWOO" автокөлігінің жүргізушісі Қарағанды қаласына қарай бағыт алып келе жатып "Ауди" автокөлігімен соғысқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметіне сілтеп. 

караганда темиртау

Алдын ала болжам бойынша көліктің басқаруына ие бола алмай қалған "DAEWOO" автокөлігінің жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып, 36 жастағы облыс тұрғынының басқаруындағы «Ауди» автокөлігімен соқтығысқан.

Жол көлік оқиғасы кезінде екі көлік жүргізушісі және екі көліктегі төрт жолаушы алған дене жарақаттарының салдырынан оқиға орынында көз жұмса, тағы да үш жолаушы әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылғанын хабарлады Қарағанды облысының ПД баспасөз-қызметі.

Ауыр жараланғандардың ішінде 38 жастағы азаматша ауруханада көз жұмды. Дәрігерлердің айтуынша науқас өте ауыр жағдайда түскен. 

"38 жастағы әйел Мақажанова клиникасына өте ауыр халде түскен. Ол миынан ауыр жарақат алған. Өкінішке орай, жасалған ем-домдарға қарамастан оны құтқару мүмкін болмады. Басқа екі зардап шеккен азаматтар тұрақты ауыр жағдайда", - деп хабарлады басқарма баспасөз хатшысы Гуля Багаудинова. 

Бұдан бөлек зардап шеккен азаматтар дәрігерлердің мәліметтеріне сәйкес, апат кезінде миының ауыр дәрежедегі соққы алған. Іштің ауыр жарақаты мен аяқтың жабық және ашық сынықтары, 1-2 дәрежелі жарақаттық шок алғандығы мәлім болды. 

Сонымен қатар,  аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 345 бабы 4 тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, тиісті сараптамалар тағайындалғанын атап өтті.

Талқылау