Соңғы жаңалықтар

56 жастағы әйел жаңа төлқұжат үшін сырт келбеті өзіне ұқсайтын бейтаныс адамды өлтіріп кеткен

АҚШ-та күйеуі мен сырт келбеті өзіне ұқсатын адамды өлтіріп кеткен 56 жастағы әйелге іздеу жарияланды. Полицияның айтуы бойынша Миннесота қаласының тұрғыны Энн Риес жұбайын өз үйінде өлтіріп кеткен. Қару жарақатын алған адамның денесі 23 наурызда табылған. Оның екі апта бойы хабарсыз кеткенін кәсіпкер-серіктестері хабарлаған екен.

 

56 жастағы әйел жаңа төлқұжат үшін бет-әлпеті өзіне ұқсайтын бейтаныс адамды өлтіріп кеткен

Бұл туралы BBC News хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Сонымен бірге үйінде өлі табылған марқұмның әйелін ешкім таба алмады. Белгілі болғандай, ол кісі өлтіргеннен кейін күйеуінің шотынан 11 мың доллар шешіп алып, Айова штатындағы казиноға барған. Қылмыскердің ізін аңдыған полиция аталған мекен-жайға барғанша, Риес ол жерден қашып кеткен.

Кейін оның Флорида штатына барғаны белгілі болды. 9 сәуірде сырт келбеті Риеске ұқсас 59 жастағы Памела Хатчинсонның өлі денесі табылды. Бейнебақылау камералары тіпті оның көшеде сөйлесіп тұрғанын түсіріп алған. Ал өлтірілген әйелдің үйінен іздеуде жүрген қылмыскердің көлігі табылды.

Тәртіп сақшылары кісі өлтірушінің кейбір сылтаумен Хатчинсонның үйіне кіріп, оны ақшаға және жаңа жеке куәлікке бола өлтірді деп есептейді. Содан кейін ол қайтыс болған әйелдің автокөлігін алып, қашып кеткен. Қазіргі уақытта қашқын әйел Техаста жасырынып жүр деп болжанады.

«Риес бет-әлпеті өзіне ұқсайтын адамдармен достасып, сосын оларды өлтіріп, солардың құжатымен жүреді», – деді полиция өкілі.

Құқық қорғау органдары әйелдің қарулы және қауіпті екендігін және ақшадан тарылған кезде тағы да адам өлтіруі мүмкін екенін айтады.

«Ол біреудің анасы немесе әжесі ретінде көрініп, күлімсіреп тұрады. Бірақ ол есеппен жүретін, суық қанды адам өлтіруші», – дейді тәртіп сақшылары.

Ол бұрын құмар ойындарға әуес болған. Оның басында осы ойындарға бола қиындықтар туған екен.

Риес Миннесота мен Флоридада кісі өлтіргені үшін айыпталады. Сонымен қатар, оны екінші штатта автокөлік және қылмыс жасау мақсатында басқа тұлғалардың құжаттарын пайдаланғаны үшін іздеуде. Оның бойы шамамен 165 см, салмағы 75 килограмм және қоңыр көзді, аққұба шашты әйел екендігі көрсетілген. Қазір адам өлтіріп, ұрлық жасағаны үшін іздеуде жүрген әйелдің үш ересек баласы және немересі бар.

Тағы да оқыңыз:

АҚШ ұшағының қозғалтқышы ұшу кезінде жарылып, бір жолаушы қайтыс болды

Америкалық актриса бақшасында Қазақстаннан әкелінген қауынды өсіретінін айтып, мақтанды

Голливуд сүйіктісіне айналған 53 жастағы миллиардер ауыруды басатын дәрілерді ішіп қайтыс болды

Жасөсіпірім сабақ үстінде мектептегілерге пышақпен шабуылдап, сыныпты өртеп жіберген (видео)

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр