"56 мың жұмыс орны ашылады": Сағынтаев Алматы тұрғындарының басым бөлігі жұмыспен қамтылатынын айтты

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің желідегі парақшасында қаладағы жұмыспен қамту жүйесінің қалай жұмыс істейтіні туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Биыл қалада 56 мың жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Оның ішінде 26 мыңы - «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша, жолдарды жөндеу, қоғамдық кеңістікті жақсарту және басқалары бойынша жобалар жүзеге асырылуда деп қала басшысы алдағы жоспарларымен бөліскен. 

"Алматылықтар жұмыс іздеуде қалалық жұмыспен қамту орталығына жүгінеді, ол арқылы жұмыс орындарын құру бағдарламасы жүзеге асырылады. Өтініш берген 27 мың үміткердің й", - деп жазды Сағынтаев.

Жұмысқа кірісіп кеткен бірнеше адамды мысалға келтіре отырып қазіргі таңдағы жұмыспен қамту жүйесін толыққанды түсіндірді Сағынтаев. 

"Жалпы, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында біздің құралдарда үш бағыт бар: қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары және жастар практикасы", - деді әкім.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр