Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

53 жаста болса да қыздай көрінетін модель сұлулығының құпиясымен бөлісті

Аустралиялық модель Донна Омански 53 жаста. Алайда оның желідегі суреттеріне  қарап, неше жаста екенін дөп басып айту қиын. Елуді алқымдаса да жас көрінетін модель сұлулығының құпиясымен бөлісті. 

Донна Омански модельдік мансабын 15 жасында бастаған. Сол кезде ол ат спортымен айналысып жүрген екен. Сондықтан подиум мен ат спортынан өзге дүниелерге көңіл аударуға уақыт таппапты. Уақыт өте келе Доннаның сәйгүлікке деген махаббаты өткенімен, спортқа деген махаббаты сақталыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап. 

«Мен үнемі белсенді өмір салтын ұстанатынмын. Жиі теледидар көріп, кітап оқуды жақсы көретін адамдардың қатарынан емеспін», - дейді ол. 

 

Алайда модельдің пікірінше, спорт адамды жалықтырмауы тиіс. Сондықтан ол спорттың әр түрімен шұғылданып, залда фитнеспен айналысудан бокс элементтері бар жаттығуларға көшкен.

Сонымен қатар ол вегетариандық диетаны ұстанады екен. Доннаның еттен жасалған тағамдарды жемегеніне 5 жыл болған. Сондай-ақ, ол күнде көп шай ішеді және кофенің дәмін татып көрмепті. Алайда модель кешкі ас кезінде аздаған мөлшерде ішімдік ішуден бас тартпайды және дәмі ерекше шараптарды ұнатады. Ол сымбаты келісті болғанын қалайтындарға жасұнық мол тұтынылатын диетаны ұстануға кеңес береді. 

 

Сондай-ақ, ол ешқашан ота жасатпағанын айтады. Тек бір кезде косметикалық сипаттағы ота жасатыпты. Дәрігер оған қабағын түзету үшін, ота жасатуға кеңес бергеннен кейін, пышақ астына түсуге келіскен көрінеді. 

Омански бет күтімін соңғы жылдары ғана қолға алғанын айтады. Ол бетін жууға арналған құралмен жуып, ылғалдандыратын иісмай жағады. Алайда, оның бетінің сұлулығы өмір сүріп жатқан жеріндегі климаттың жайлылығына байланысты болуы мүмкін. 

 

Модельдің өзі сұлулығын сол қалпында сақтау үшін, спорт пен диетадан бөлек, күйзеліске бой алдырмау керектігін айтты.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр