"50 мың теңге жәрдемақы тағайындау үшін БЖТ төлеу керек": Еңбек министрлігі мессенджерде тараған ақпаратқа түсініктеме берді

Мессенджерлерде 50 мың теңге мөлшерінде жәрдемақы тағайындау үшін екінші деңгейдегі банктердің әртүрлі шоттары арқылы бірыңғай жиынтық төлемді төлеуді жүзеге асыру қажеттілігі туралы таратылған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда БЖТ-ны міндетті түрде аударуға "байланыстырылған" жәрдемақылар, төлемдер жоқ деп хабарлайды. Азаматтардан жалған ақпаратқа назар аудармауын және ақпаратты тек ресми көздерден ғана алуын сұраймыз" - деді ведомстводағылар.

Сонымен қатар, министрлік жалған ақпаратты таратқандар заң бойынша жазаланатынын еске салды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр