Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"4 минутта эвакуацияладым": Павлодарда әскери мектептің тәрбиешісі ондаған оқушының өмірін құтқарып қалды

Павлодардағы кадет мектебінің түнгі ауысымдағы тәрбиешісі балаларды құтқарғаны үшін марапатталады. Әйел түтіндеген казармадан ондаған тәрбиеленушіні алып шыққан. Оқыс оқиға барлығы ұйықтап жатқанда орын алған екен.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Астана» арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Оқиға 18 қазанда түнгі уақыттаорын алған. Ғимараттағы электр тұстамасы жарылып, аздаған уақыт ішінде ғимараттың іші түтіндеп үлгеріпті. Салдарынан 12 оқушыға иіс тиіп қалған. 

Кадет Руслан Тәңірбергеновтың айтуынша, кенеттен әлдененің тарс етіп жарылған дыбысы тәрбиешіні алаңдатқан. Бұл уақытта ол дәлізде отырған екен. Арада біраз уақыт өткеннен кейін ол кадеттерге жүгіріп келіп, тезірек киініп, көшеге шығуға мәжбүрлепті. 

«Тәрбиеленушілердің бәрі автоматты түрде форманы алып, шығатын жаққа жүгіре бастады», - дейді облыстық мамандандырылған әскери мектептің курсанты Руслан Тәңірбергенов. 

Десе де оқиға салдарынан әскери мектептің 12 оқушысына иіс тиіп, уланып қалған. Оларды шұғыл түрде ауруханаға жеткізуге тура келіпті. Оқушылардың басы ауырып, жүрегі айнып, есінен танып қалыпты. 

«9 бала ауруханаға жеткізілді. Олардың жетеуі соматикалық бөлімге орналастырылды. Екеуінің жағдайы анағұрлым ауыр болды. Сондықтан жансақтау бөліміне жатқыздық. Барлығына толықтай медициналық көмек көрсетілді», - дейді облыстық балалар ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Ирина Орсагош.

Әскери мектептің мамандары тәрбиешінің батылдығы болмағанда, зардап шеккендер саны мұнан да көп болуы мүмкін еді дейді. Тәрбиеші Динара Жұмаділова оқушыларды оятып, түтіндеген бөлмеден алып шығып, тұншығып қалмауы үшін сүлгі берген. 

«Электр тұстамасына қарап, түтіндеу деңгейін анықтадым. Балаларды шұғыл түрде қауіпсіз жерге шығару керек еді.  Оларды оятып, тұрғыздым. Есікті ашып, 4 минуттың ішінде эвакуацияладым», - дейді әскери мектеп-интернаттың тәрбиешісінің көмекшісі Динара Жұмаділова.

Төтенше жағдайлар қызметіндегілердің сөзінше, оқыс оқиғаға сымдардағы қысқа тұйықталу себеп болған. Десе де бұл кезде өрт дабылы ойнауы керек болған. Алайда құрылғы істемей қалыпты.

«Тоқ кернеуінің артуының салдарынан сақтандырғыш күйіп кеткен. Соның салдарынан түтіндеп, ол істемей қалған. Жүйені бірден ауыстырды. Сол түні электр қуатын беруді қалпына келтіріп, таңертең барлығын ауыстырды», - дейді әскери мектеп-интернаттың директоры Жасұлан Қожанов.

Арада бірнеше күн өткеннен кейін кадеттер ауруханадан шығарылды. Қазіргі уақытта олар оқуын жалғастыруда. Ал тәрбиешіні оқыс оқиға кезіндегі сауатты әрекеті үшін марапаттамақ.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Санкт-Петербург мемлекеттік университеті доцент Олег Соколовты "азғындық қылығы үшін" қызметінен босатты

Оқытушыны орнынан босату туралы қаулы 11 қараша күні жарық көрген

Қызға таласқан: 15 жастағы жасөспірім қаза тапқан оқиғаның себебі анықталды

Қыз өзін ренжіткен сыныптасын жігітіне айтып берген

Көлікті 13 жасар бала айдаған: Ақтаудағы жол апатынан бір адам көз жұмды (видео)

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 4 адам жарақаттанып, оның біреуі өлім құшты

Қазақстандық жұмысшылардың жалақысын көтеру: Тоқаев CNPC басшысына тапсырма берді

Президент қазақстандық үлесті арттыруға байланысты бірқатар міндеттер жүктеді

Сағатына 7 отбасы: Елімізде күніне 150 жұп ажырасады

Қоғам белсендісі: Тойда құдағиына қызын тапсырып, тәрбиелеңіз дейтіндерге қарным ашады

Мамандар: 6 айдан асқан сәбилер жұмыртқа, ет өнімдерімен қоса дәуірмендері бар көкөністер жеу керек

Соңғы 10 жылда балалардың тамақтану дәстүрі мүлдем өзгеріске ұшыраған

Тыныс алуы нашар болды: Ер адам 20 жыл бойы мұрнына тіс өскенін байқамаған

Дәрігерлер науқастың мұрнынан тісті алып тастады

Қазақстандық банктер пайыздық мөлшерлемелерді қашан төмендетеді

Бұл туралы Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев айтты

"Көріп тұрып амандаспай өтіп кететін едік": Қызы Заманбек Нұрқаділовпен қарым-қатынасы туралы

Құралай Нұрқаділова әке мен қыздың арасына түсушілердің болғанын жасырмады

Қазақ халқында қасиетті саналатын жеті саны шынымен киелі ме? Нумеролог түсіндіреді

Нумеролог әр адамның тағдырын айқындайтын санды қалай анықтауға болатынын көрсетті
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр