Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"4 айда 65 кг салмаққа түстім": Кенжебек Жанәбілов арықтағаны туралы

Кенжебек Жанәбілов арықтағаны туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Ережесіз әңгіме" бағдарламасына сілтеме жасап. 

Салмағы ауыр болған әнші бір жылға жуық уақыт бойы мектепті тастап, спортпен айналысып кеткенін айтты. Кенжебек Жанәбіловті кішкентай кезінде жұрт Тайсонға ұқсатқан көрінеді. Өнер иесі өткенін есіне алып, күлкіге қарық болды.

"Бала күнімнен бері спортта жүрген баламын. Мектепті бір жыл оқымай спортқа кетіп қалған кездерім болды. Бір жыл бокспен шұғылдандым. Шымкент қаласына үлкен ағам алып келіп, сенің түрің Тайсонға ұқсайды екен деп, кіргізіп жіберді. Мектепте оқып жүргенде 110-120 кг болдым", - дейді Кенжебек Жанәбілов. 

120 дан 65 кг салмаққа дейін арықтап, ауылына қайтқанда қара баланы жұрт танымай қалған. Кенжебек Жанәбілов спорттық мансабын тастап, анасы ауырғаннан кейін, ауылға қайтқанын айтып берді.

"Боксқа қатысқан кезде 4 айда 65 кг салмаққа түстім. Анам ауыр қалге түскеннен кейін мен спортты тастадым да, ауылға кеттім. Барған кезде сыныптастарым танымай қалды. Ойлаңызшы қандай өзгеріс болатынын", - дейді Кенжебек Жанәбілов.

Талқылау