Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

300 мың теңге пара үшін: Қызылордалық шенеунікке 12 млн теңге айыппұл салынды

Қызылордадағы ормандар және жануарлар әлемін қорғау мемлекеттік мекемесінің басшысы пара алғаны үшін соталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қызылорда облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі «Қызылорда ормандар және жануарлар әлемін қорғау мемлекеттік мекемесінің» басшысы Смағұловқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Ол пара алды деп күдіктелген. 

«Ол мемлекеттік мекеменің жұмысшысынан жұмысқа орналастырғаны және қорғаушылық жасағаны үшін 300 мың теңге паоа алды деп күдіктелді. 17 қыркүйекте Қызылорданың №2 сотының үкімімен Смағұловқа 12 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды», - делінеді хабарламада.

Сонымен қатар Смағұлов мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан өмір бойына айырылды.

Талқылау