Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"30 жасыма дейін 20 рет өзіме қол салуға ұмтылдым": Марқұм Жанар Хамитова сұхбаттарында не айтты?

30 жасында дүниеден өткен Жанар Хамитова соңғы сұхбаттарында не айтқан еді? Stan.kz ақпарат агенттігі назарларыңызға ұсынады. 

Жанар

"Мен күйеуімнен қорқатын едім"

"Мен қазақстандықтардың барлығы күйеуімді неге түрік деп ойлайтынын білмеймін! Біз жай ғана сол жерде тұрдық. Алла қаласа, жақын арада балаларым қайта оралады. Мен оларды өз еркіммен тастап кетпедім. Отбасы - үлкен жауапкершілікті талап етеді. Қазір қорғаушы жалдадым, енді балаларымды қайтарып аламын. Оған қоса, мен күйеуімнен қорқатын едім", - дейді Жанар Хамитова.

"Микрофон ұстап, сахнаға шығудан қорқамын"

"Күнде күйеуіммен айырылысып жатқан жоқпын. Кішкене депрессия бар. Күш-қуат жинауым керек. Біз Сивимен доспыз. Бізде келісім-шарт болған жоқ. Сиви екеуіміз күнде ертеңді болжамай-ақ қоялық, не боларын білмейміз деп айтатын едік. Екі тараптың шешімі. Өйткені мен микрофон ұстап, сахнаға шығудан қорқамын. Неге екенін білмеймін. 11 жыл сахнаға шықпағандықтан ба, қобалжу бар.

11 жыл өткеннен кейін маған бірден назар ауады деп ойлаған жоқпын. Мен жұрттың адамы емес, үйдің адамымын. Балаларды ойлайсың. Шынын айтайын, қазір денсаулық керек. Бірінші байлық - денсаулық. Көп әншілер жаңа күш-қуатпен келу үшін демалысқа кетеді", - деген еді сахнаға қайта оралғанына әлі де болса бой үйрете қоймаған Хамитова.

Жанар "Жүйкем шынымен тозды"

"Әбубәкірмен біз күшті қарым-қатынастамыз. Телефон шалып, ұят болып қалды дейді. Әбу өзінің жеке әнін жазып, бейнебаян түсірсе. Мен бейнебаянға түсуге ұяламын. Халықтан, Әбубәкірден ұят. Шығармашылық, сахна, өнер жолы қыз балаға өте ауыр. Қазір жалғыз қалғанымды білесіздер. Басы қатты, соңы тәтті болады деп ойлаймын. Қазіргі таңда денсаулығымды ретке келтіру керек. Жүйкем шынымен тозды.

Мен өнерге алғаш келген жоқпын. Жасым, құдайға шүкір 30-да. Екі баланың анасымын. Ешқашан өзімді біреуден жоғары ұстап көрмеппін. Біреуді төмендеткен емеспін. Оны мұғалімдерім, ата-анам, көршілерім бәрі біледі. Мен тек шындықты жақсы көрем. Шындықты айтудан қорықпаймын. Сондықтан "жұлдыз ауруына" шалдықты деп ойлаудың, сөз етудің керегі жоқ", - деп соңынан ерген қаңқу сөздерге Жанар жауап берген еді. 

"Шоу-бизнеске келу тағдырыма жазылған деп білемін"

"Бұл өмірде ештеңе бекерден бекер болмайды екен. Super Star.kz жобасына және шоу-бизнеске келуім тағдырыма солай жазылған деп білемін. Негізі мен Қарағандыдағы ішкі істер академиясына түсейін дегенмін. Өйткені менің туысқандарымның барлығы құқық қорғау органдарында жұмыс істейді. Мен де солар сияқты боламын деп ойладым. Мені әкем өте қатал тәрбиеледі. Тіпті бір тал сіріңке жағып, сол жанып біткенше тез киінуге үйретті. Спортпен бала кезден шұғылдандым. Ер бала сияқты өстім. Бірақ Super Star.kz бүкіл өмірімді өзгертті. Ал, шоу-бизнеске қайта оралуым өзімнің қалауым. 10 жыл бойы түсіме бір ғана сәт кіре берді. Ноталар, әндер, сенің үнің бар дегендей. Ол – өнерге оралу! Музыка жүрегімде. Оны ешқашан тастап кете алмайды екенсің. "Ән көңілдің ажары" дейді ғой. Сол рас екен", - деп Хамитова өнер өмірінің бір бөлшегі екенін айтқан еді.

"Сивимен кездесуіміз бекер емес"

Жанардың жеке өміріндегі жайсыз хабардан кейін, әншіні бірінші болып қолдаған – Сиви Махмұди. Таяуда ғана танысқан өнерпаздар, аздаған уақыт ішінде сырлас құрбыларға айналып үлгерген секілді.

"Дәл қазір Сивимен танысып жатырмын. Сивимен кездесуіміз бекер емес. Бірақ кездейсоқ кездесу болды. Бізді таныстырған Радик есімді досым. Мен ол жігітпен осыдан 13 жыл бұрын Super Star.kz жобасынан кейін танысқанмын. Содан бері көрген жоқ едім. Біз бір ай бұрын кездейсоқ кездесіп қалдық. Телефон алмастырдық. Ол мені аш жүрген кезімде тамақтандырды. Теледидарға шыққаннан кейін маған хабарласты. Сивимен таныстыратынын айтты. Сиви – мен үшін әйелдер қауымының эталоны. Үш баланың анасы, мен де анамын. Біз бір-бірімізді тез түсінісіп кеттік.

Жанар

Ештеңеге қарамастан алға ұмтылу керектігін ұқтым. Менің бұл әрекетімді "хайп" деп қабылдап жатқандары да бар. Кім қалай ойласа, солай қабылдасын. Мен ашық адаммын. Қалай бармын, солай айтамын. Егер алға қойған мақсатыңа жеткің келсе, барлығына үлгеру керек. Хайп болсын, қара пиар болсын, мен ештеңені жасырмаймын. Бұл менің өмірім", - дейді әнші.  

Тұрмыстың тауқыметін тартқан Жанар, жарымен ажырасқалы мейрамханаларда ыдыс-жуып, жалдамалы пәтерде күнелтіп жүргенін де жалпақ жұртқа жария қылған еді. Бұдан былай Хамитова да жаңа қызмет. "Арнау" тобының экс-әншісі енді Сивидің ойын-сауық кешеніне келген меймандарға ән шырқайтын болыпты.

"Сивидің мейрамханасында қонақтарға ән салып тұрамын. Бұл жерде керемет атмосфера. Мейрамханада ыдыс-аяқ жууды тастадым. (Күледі.) Мен төрт жасымнан жұмыс істеп жүрмін. Ең алғаш сағыз сатқан кездерім болған. Мен кім болып жұмыс істемедім десеңізші. Даяшы да болдым", - дейді Жанар Хамитова.

"30 жасыма дейін 20 рет өзіме қол салуға ұмтылдым"

"Мен күйеуіммен танысқан соң екі сағаттан кейін тұрмысқа шығуға келісім бердім. Ол кезде өзіме қамқоршы адам іздеген шығармын. Тұрмысқа шықпағанымда, жаман жолға түсер ме едім. Сондай кезеңде жүрдім. 30 жасыма дейін 20 рет өзіме қол салуға ұмтылдым. Ақшаның жоқтығынан оқуымды аяқтай алмадым. Ал, күйеуіммен шетелде тұрдым. 5 жыл бұрын ұрыс-керіс болғаны рас. Мен хиджаб киіп, намаз оқитынмын. Себебі бала сүйе алмадым. Дін жолына келдім. Құдайдан сұрадым. Кейін екі балам өмірге келді. Ал, қазір ажырасып кеттім. Екі балам әкесімен шетелде тұрады. Өзім солай шештім. Бұрынғы күйеуімді жамандағым келмейді. Қазір 42 жаста. 11 жыл бірге тұрдық, бірақ 11 минуттай өтіп кетті. Ол маған өмір сүруді үйретті. Ешкімді жамандағым келмейді. Бұл - өмір", - деп еді Жанар Хамитова.  

 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Көліктер батып қалған: Желіде Алматыда су басқан көшенің видеосы тарады

Видеодан судан бу шығып жатқаны көрінеді

Тоқаевтың жалғыз ұлының суреті жарияланды

Тимур Тоқаев - саясат ғылымдарының кандидаты, кәсіпкер

Ғалымдар қызанақтың белсіз ерлерге пайдалы екенін анықтады

Қызанақтың құрамындағы ликопен ерлердің ұрық жасушаларын көбейтіп, белсенді етеді

Назарбаев тайфун салдарынан қаза болғандардың өліміне байланысты Жапония императорына көңіл айтты

«Хагибис» тайфуны салдарынан 47 адам қаза болып, тағы 15 адам хабарсыз кетті

"Балаларға бір үзім нан табудың өзі қиын": Көпбалалы отбасының АӘК-сін тоқтатып, ақшаны қайтаруын талап еткен

Жеті баланың анасы отбасын жалғыз өзі асырауға мәжбүр

Құрбанын селфидегі көзінің қарашығы арқылы тапқан: Жанкүйері жас әнші қызды аңдып жүріп зорлап кетті

Айыпталушы әншінің темір жол стансасында екенін суреті арқылы анықтады

Қазақстандық азаматтың асқазанынан ішіне кокаин салынған 42 капсула табылды (видео)

Ер адам 15,5 жылға бас бостандығынан айырылды

Алдағы күндері Қазақстанда қар жауады

15-17 қазанда республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады

"Жататын жерім болмай, өзбектермен вагонда жаттым": Танымал жүргізуші Алматыға келгенде тап болған қиындықтары туралы

Аяна Ғабдуллина: Мені Қайрат Нұртас қатты таңғалдырды

"Қауіпті жұмыс": Министр Арыстағы әскери қызметкерлердің жұмысы туралы

Ермекбаев көз жұмған әскери қызметкердің отбасына көңіл айтты
Çàãðóçêà...